Пандемияға қарамастан елімізде контейнерлік тасымалдар көлемі 12% ұлғайған
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары бойынша 89% құрады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитеті хабарлады.
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында жолаушылар автобус тасымалы, оның ішінде қалалық жолаушылар автобус тасымалы, жолаушылар пойыздары, тұрақты әуе қатынастары тоқтатылды.Кейбір кәсіпорындарды карантинге жабу көлік пен логистикаға әсер етіп, жеткізу көлемін және тасымалдауға тапсырыстарды төмендетеді. Дегенмен, бұл кезеңде Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 211,6 мың жиырма фунттық балама құрады. Оның ішінде Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай бағыты бойынша контейнерлер тасымалы 25 % артқан,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы