Пандемия: 20 тамыздағы таңертеңгі жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 тамызда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 22,2 миллионнан асты, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университеті. 

Университеттің мәліметі бойынша әлемде 22 260 914 адам COVID-19-бен ауырады, 784 082 пациент инфекцияның құрбанына айналды, тағы 14 198 187 адам сауығып кетті.

Инфекция жұқтырудың ең көп саны бойынша алғашқы ондыққа кіретін елдер:

АҚШ - 5 524 398 инфекция жұқтырды, 172,965 қайтыс болды.

Бразилия - 3 407 354 жұқтырды, 109 888 қайтыс болды.

Үндістан - 2 767 273 жұқтырды, 52 889 қайтыс болды.

Ресей - 935.066 жұқтырды, 15 951 қайтыс болды.
  
Оңтүстік Африка - 5966060 жұқтырды, 12 423 қайтыс болды.
  
Перу - 549,321 жұқтырған, 26 658 адам қайтыс болған.

Мексика - 531 239 жұқтырды, 57,774 қайтыс болды.

Колумбия - 489122 жұқтырған, 15 619 қайтыс болған.

Чили - 390,037 инфекция жұқтырды, 10 578 адам қайтыс болды.
  
Испания - 370 867 вирус жұқтырды, 28 797 қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқпасының саны 21 989 366 адамға жетті, 775 893 адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде 213 391 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы