Пан Ги Мун: Қазақстан ядролық қарудан азат аймақ символына айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Көшбасшылық. Тұрақтылық. Өрлеу» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда БҰҰ экс-Бас хатшысы, Жаһандық жасыл өсу институтының президенті Пан Ги Мун конференция қатысушыларына видеоүндеу жолдап, Тәуелсіздіктің отыз жылдығымен құттықтады.

Конференция қатысушыларын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мен Орталық Азия аймағының досы ретінде Қазақстанның соңғы 30 жылда қалай дамығанын көрдік. Қазақстанның табысты өсуге, тұрақтылыққа, өсуге және аймақтағы көшбасшыға айналатын өз жолына куә болу мен үшін зор мақтаныш. Бұл табысқа Қазақстанның Тұңғыш Президенті, жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев пен ел басшылығының арқасында қол жеткізілді деп санаймын, - деді ол.

Айтуынша, қырғи қабақ соғыстың бұрынғы ошағын сөндіріп, халықаралық ынтымақтастық және ядролық қарудан азат аймақ символына айналды.

Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдердің бірі Корея мен Қазақстан арасындағы тығыз екіжақты қарым-қатынастар туралы ерекше пікірдемін. Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретінде өркендеуі жалғасып отырғандықтан аймақтық тұрақтылықты сақтауға, Кореямен ынтымақтастығын нығайтуға және 2030 жылға дейінгі орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған барлық ісінде Қазақстанның табысқа жетуіне тілектеспін, - деп айтты Пан Ги Мун.

Ол сөзін қорытындылай келе Қазақстан халқына мықты денсаулық тілеп, елдің өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы