Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз – Помпео Назарбаевқа
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Елбасының коронавирустан тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толықтай және тезірек қалпына келуін тілеймін. Бұл - біздің елдеріміз үшін қиын кезең. Бірлесе отырып біз бұл ауруды жеңетінімізге сенімдімін. Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық әншілер Елбасына: Біз сізді қатты жақсы көреміз
Өзгелердің жаңалығы