Палестинаны қолдаған саясаткер Нью-Йорктің жаңа мэрі болуы мүмкін
Палестинаны қолдаған наразылықтарға қатысқан социалист Зохран МамданиНью-Йорктің жаңа мэрі атануы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.
34 жастағы Зохран Мамдани — Демократиялық партияның солшыл қанатының өкілі, Үндістаннан шыққан эмигранттардың ұлы. Ол АҚШ-тағы ең ірі қала – Нью-Йорктің мэрі лауазымына басты үміткер саналып отыр. Егер сайлауда жеңсе, ол бұлқызметті атқарған алғашқы мұсылман әрі ашық социалист саясаткер болмақ. Нью-Йорк – Израильден тыс жерде ең көпеврей қауымы шоғырланған қала.
Соңғы сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, Мамдани бұрынғы Нью-Йорк штатыныңгубернаторы Эндрю Куомодан 25 пайыздық артықшылықпен алда келеді.
Сарапшылардың айтуынша, Мамдани сайлаушылардың көңіл күйін дәл тапқан. Оны негізінен бағаның шарықтауы мен тұрғынүй дағдарысына наразы жастар қолдайды. Мамдани қалалық көлікті тегін ету, балабақшаларды көбейту және қалалық супермаркеттер ашу сияқты бастамалардыуәде етіп отыр. Бұл жобаларды ол жоғары табыстыазаматтарға салықты арттыру есебінен қаржыландыруды ұсынады.
Алайда саясаткердің тұлғасы қоғамда пікірталас тудырып отыр. Ол «Интифаданы жаһандандырайық» деген ұранменөткен шерулерге қатысқан, мұны көптеген еврей ұйымдары қоқан-лоқы ретіндеқабылдаған. Бұдан бөлек, сыншылар оның «кедейлер үшін күресіп жүрмін» деген ұранынакүмән келтіріп, екі миллион доллар тұратынлоффта өскенін еске салады.
АҚШ президенті Дональд Трамп оны «Нью-Йоркті құрдымға кетіретін коммунист ақымақ» деп атап, сынға алды. Америкалық БАҚ дерегінше, АҚШ Әділет министрлігіМамданидің сайлауалды кампаниясын қаржыландыру көздерін және азаматтық алу заңдылығын тексеріп жатыр.
Сайлау қарашаның 4-і күні өтеді. Егер болжамдар расталса, Мамдани 2026 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде қызметіне кіріседі.