Палестинаға қаржылық көмек көрсету үшін 12 ел коалиция құрды

Палестина автономиясын қолдау мақсатында 12 мемлекет жаңа қаржылық коалиция құрды. Бұл туралы Le Figaro басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамына Франция, Ұлыбритания, Жапония, Сауд Арабиясы және Испания кіретін бірлестік Палестинадағы ауыр қаржылық дағдарысты еңсеруге бағытталған. Бұл дағдарыс Израильдің салық түсімдерін ұстап қалуынан туындағаны атап өтілді.

Басылымның мәліметінше, төтенше коалиция Палестина автономиясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш салмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы