Палестинаға ақша жіберу: Перизат Қайрат халықты қалай алдады?
Астана қаласында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесінде жәбірленушілер сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сотта "Асар Уме" қорының өкілі Дәурен Әбитов былай деді:
Олар Газа секторындағы қақтығыстан зардап шеккендерге көмек көрсету желеуімен Палестина елшілігімен келісім жасап, қоғамдық ұйым ашты. Кейін әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары арқылы халыққа заңды әрекет кейпін жасады, - дейді ол.
Палестинадағы трагедия кезінде Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева халықтың сенімін пайдаланып, гуманитарлық апатты қасақана пайдаланған. Олар Палестина елшілігімен келісімге келген.
Кейін БАҚ пен желілерді белсенді пайдаланып отырып, жиналған қомақты ақша заңдастыруға тырысқан. Алайда сот тергеу көрсеткендей, халықтан жиналған 560 млн теңгеге жуық ақшаның тек 4 млн теңгені елшілікке жіберілген. Ал қалған қаражатты жеке мүддесіне пайдалаған.
Бұған дейін Перизат Қайраттың иелігінде қандай мүлік бар екені белгілі болған еді.
Еске салсақ дейінгі сот отырыстарында зардап шеккендердің қатарында қайырымдылық қорларының өкілдері, кәсіпкерлер, педагогтер мен жұмыссыз азаматтар бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына азаматтар өз еркімен 30 мыңнан 200 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Олардың ішінде Kaspi Bank тарапынан аударылған 620 миллион теңге де бар.
Астанада 22 шілдеде өткен сот отырысында прокурор садақадан сән-салтанатқа өткен Перизат Қайраттың әрекетін атап өтті. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Алашбаеваға 8 жыл түрме жазасын сұрады.
Сондай-ақ, айыпталушы Перизат Қайрат Kaspi Bank өкіліне қалай қысым көрсеткені де белгілі болды.
Перизат Қайрат ісі бойынша сотта тағы бір тың дерек жария етілді. Ол жалған мекенжаймен қор тіркеп, қайырымдылықты бүркеме еткен.