"Пәлен жерде пайда бар..." 4 азамат құлдыққа түскен

Тайландқа барған төрт қазақстандық құлдыққа түскен. Жоғары жалақы іздеп шетел асқандардың арасында ел тұрғындарынан бөлек, 8 Қырғызстан, 2 Өзбекстан азаматы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ astanatv-ға сілтеме жасап.

Олар жұмыс берушімен интернет арқылы сөйлесіп, келіседі. Алдымен Тай еліне барған отандастарды адам саудасымен айналысатын қылмыстық топ әрі қарай Мьянмаға заңсыз жолмен алып кеткен. Олар жәбірленушілерді жалған колл-орталықта жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Заңсыз әрекеттен бас тартқандарға күш қолданып, қорқытқан. Тіпті, бостандыққа жіберу үшін ірі көлемде қаржы талап етіпті. Қазір жапа шеккендердің бәрі отанына оралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана телеарнасынан
Өзгелердің жаңалығы