Пакьяо мен Мейвезер арасында реванш өтуі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Boxingscene порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Есімдері аңызға айналған қос боксшы арасындағы жекпе-жек қайта өту үшін америкалыққа спортқа қайта оралу қажет екен.

«Егер Флойд боксқа қайта оралса, реванш өтуі әбден мүмкін. Ол қарымта жұдырықтасуды қалайтын болса бокс өтеді», - дейді Пакьяо. 

Сонымен қатар ол, қазіргі кезде Эдриэн Бронермен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқандығын жеткізді. 19 қаңтар күні өтетін бұл кездесу филиппиндік боксшының 70-ші жекпе-жегі болмақ.

Еске салсақ, Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасынадағы кездесу 2015 жылдың 2 мамырында өткен. Ол кезде америкалық боксшы ұпай санымен жеңіске жеткен.

Ал, Флойд Мейвезер қыркүйек айында Пакьяоға қарсы кезекті кездесуді өткізу үшін рингке оралуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы