3 Тамыз 2026, 07:11
Фото: Global Look Press/PPI/Keystone Press Agency
Пәкістандағы полиция бөлімшесінде болған жарылыстан кемінде 14 адам қаза тапты
Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Сват округінде орналасқан Кабал полиция бөлімшесінің маңында болған жарылыс салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлері де бар.
Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс полиция бөлімшесінің кіреберісінде, Кабал алаңында өтіп жатқан митинг кезінде болған. Наразылық акциясына жүздеген адам қатысып, соңғы уақытта Сват алқабында террорлық әрекеттердің жиілеуіне алаңдаушылық білдірген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.