Пәкістандағы лаңкестік: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ
Пәкістанда вокзалда болған жарылыс болып, 24 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Пәкістан билік өкілдерінің хабарлауынша, Пәкістанда лаңкестік шабуылдан қаза тапқан және зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.
Пәкістанның оңтүстік-батысында орналасқан Кветта теміржол станциясында жойқын жарылыс болған.
Жарылыс пойыз перронға келер сәтте вокзал кассасында алдында болған.
Салдарынан 24 адам қаза тауып, тағы бірнешеуі жарақат алған.
Полицияның мәліметінше, жарылысты жанкешті-лаңкес жасаған және тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін IT-сала қызметкерлерінің мерекесі
Келесі жаңалық
Дэвис кубогы: Ел құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
Өзгелердің жаңалығы