Пәкістанда жұқпалы дерт өршіді
Су тасқынынан әбден титықтаған Пәкістан жұрты тағы бір қиындыққа тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Енді түрлі сырқат өршіп барады. Бұл аймақтағы гуманитарлық дағдарыстың салдары. Қазір апат болған өңірде азық-түлік, ауыз су мен дәрі-дәрмек тапшы. Жергілікті ауруханалар науқастарға лық толды. Соңғы бір тәулікте Синд провинциясының дәрігерлері 70 мыңнан астам науқас қабылдаған. Олардың көбі ішек ауруына шағымданған. Дәрігерлердің айтуынш, бұл жайт лас судың кесірінен болып отыр.
Кей өңірлерде безгек ауруы етек жайып барады. Естеріңізге салайық, алапат су тасқынынан 33 млн халық зардап шекті. Апаттан 1300-ден астам адам мерт болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы