Пәкістанда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясына қарасты Дера-Исмаил-Хан округінде болған жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы он шақтысы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Express Tribune басылымына сілтеме жасап.
Оқиға жұма күні кешке жергілікті қауым басшысының үйінде өтіп жатқан үйлену тойы кезінде болған. Жергілікті билік мәліметінше, жарылғыш құрылғыны жанкешті-террорист іске қосқан.
Зардап шеккендердің барлығы жедел түрде медициналық мекемелерге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Провинция губернаторы Файсал Карим Кунди қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендерге қолдау шараларын күшейтуді тапсырды және оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізуді міндеттеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы