Пәкістанда су тасқыны қаупіне байланысты халық эвакуацияланды
Пәкістанның Синд аймағында мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Себебі толассыз жауыннан өңірдегі ең ірі Манчхар көлі суға толып, жақын маңдағы аудандарға қауіп төнген. Сондай-ақ өзендер тасып бірқатар мекен оқшауланып қалды.
Құтқарушылардың жапа шеккендерге жетуі қиынға соғып жатыр. Апат аймағынан эвакуацияланған адамдар уақытша лагерьлерге орналастырылып жатыр. Ал синоптиктер провинцияда жақын күндері тағы жаңбыр жауатынын ескертіп отыр. Бұл жерде 200-ден аса адам тұрады. Тасқын аяқ астынан болып, үйлердің бәрін су басты. Жиһаз мүлікіміз су астында қалды. Күнімізді әзер көріп отырмыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы