Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен алты адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында орналасқан Gul Plaza сауда орталығында болған ірі өрт салдарынан алты адам көз жұмды, тағы кемінде 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Dawn басылымы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлағандай, өрт қаладағы халық тығыз қоныстанған ауданда орналасқан ғимараттың бірінші қабатында шыққан. Өрт сауда кешеніне тез таралып, салдарынан адамдардың бір бөлігі жоғарғы қабаттарда қамалып қалған.

Өртті сөндіруге шамамен 20 өрт сөндіру жасағы жұмылдырылған. 18 қаңтар таңындағы жағдай бойынша өрт шамамен 30 пайызға оқшауланған. Құтқару қызметтері ғимараттың опырылып құлау қаупі жоғары екенін ескертуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке дүкендердің біріндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы