4 Ақпан 2026, 13:24
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Пәкістанда Қазақстан Президентін ресми қарсы алды
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.
Екі ел басшылары бірге суретке түскен соң Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, - делінген ресми хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.