Пәкістанда полиция бекетіне жасалған шабуылдан үш полицей қаза тапты
Полицияның дерегіне сәйкес, шабуыл кезінде бекетте 15 қызметкер болған.
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Банну қаласы маңында полиция бекетіне жасалған шабуыл салдарынан кемінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Құрбандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Қауіпсіздік қызметінің өкілдері алдымен жарылғыш зат тиелген көлік полиция бекетінің жанында жарылғанын, кейін қарулы содырлардың аумаққа басып кіріп, полицейлерге оқ жаудырғанын мәлімдеді.
Полицияның дерегіне сәйкес, шабуыл кезінде бекетте 15 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан нысан толықтай қираған.
Сондай-ақ шабуылдаушылардың дрондарды қолданғаны хабарланды. Оқиға орнына қосымша күштер мен жедел жәрдем бригадалары жіберіліп, Банну қаласындағы ауруханаларда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Шабуыл үшін жауапкершілікті «Иттехад-ул-Муджахидин» қарулы тобы өз мойнына алды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы қауіпсіздік жағдайының қайта ушығуына әсер етуі мүмкін. Исламабад бұған дейін Кабулды Пәкістан аумағына шабуыл жасайтын содырларды паналады деп айыптаған еді. Ал «Талибан» бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып келеді.
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50
- Адамдарға қолдау көрсету – басты басымдық: «Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды 17:36