Пәкістанда екі адамды әуежайда атып тастады
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласындағы халықаралық әуежайда атыс болып, нәтижесінде екі адам көз жұмды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті басылымдарға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, халықаралық әуежайдың күту залында отырған Аллама Икбала есімді адам Сауд Арабиясынан келген екі адамға тапаншамен оқ жаудырған.
Әуежай полициясы аталған іске қатысы бар екі адамды ұстады. Полицияның дерегінше, атыс адамдардың жеке өшпенділігіне байланысты орын алған.
Қайтыс болған екі адам да саяси көшбасшының өліміне қатысты болып шыққан. Тәртіп сақшылары бұл іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҚМГ Жастар форумы: жаңашылдық жетістікке жетелейді
Өзгелердің жаңалығы