Пәкістан Рамазан айы қарсаңында локдаун енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан Рамазан айының алдында локдаун жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Қазір  барлық мешіттерде жаппай зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Базарлар мен сауда орталықтарының басым бөлігі жабылды. Әзірге жеміс-жидек пен көкөніс сататын орындар ғана ашық. Бұл тұрғындардың құрма, өрік тәрізді ораза кезінде аса қажетті өнімдерді сатып алуына жасалған жағдай.

Дінбасылар жұртты Рамазан айында сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға шақырды. Қазір ел коронавирустың үшінші толқынымен күресуде.

Еліміздің премьер-министрі мұқтаж адамдарға қол ұшын созған болып жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жағдай жасағысы келсе инфляция мен қымбатшылықты жойсын, – деп наразы пікірін білдірді жергілікті тұрғын Мухаммад Юсуф.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы