Пәкістан мен Иранда жер сілкінді
Пәкістан мен Иранда жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анадолы агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Пасни қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 шақырымда орналасқан. Ошақ 60 шақырым тереңдікте жатқан. Пәкістандық ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығы бірінші жер сілкінісінен кейін 10 минут өткенде 5 балдық магнитуламен кейінгі дүмпу байқалғанын айтты.
Одан басқа, Иранның оңтүстік-шығысында да 5,5 магнитудамен жер сілкінді.
Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте байқалды.
Жер сілкінісінің ошағы Серкан қаласынан 252 шақырымда жатқан Арабия теңізінде екені белгілі болды.
Әзірге зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы деректер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі мыңға жуық адам індетінен айықты
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы