Бүгiн 2026, 02:34 Фото: depositphotos.com

Пәкістан мен Иран аймақта бейбітшілік орнату әрекеттерін талқылады

Шахбаз Шариф Иран делегациясының 2026 жылдың сәуірінде Исламабадта өткен келіссөздерге қатысуын жоғары бағалаған.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Иран президенті Масуд Пезешкиан Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістан үкіметі кеңсесінің хабарлауынша, шамамен 50 минутқа созылған телефон әңгіме барысында тараптар өңірдегі қазіргі ахуал мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын қарастырған.

Шахбаз Шариф Иран делегациясының 2026 жылдың сәуірінде Исламабадта өткен келіссөздерге қатысуын жоғары бағалаған.

Екі ел басшылары өңірлік ынтымақтастықты дамыту және бейбіт диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.