Пәкістан мен Армения дипломатиялық қарым-қатынас орнатпақ

Пәкістан мен Армения ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандарын жариялады. Бұл шешім Қытайда өткен ШЫҰ саммиті аясында Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян мен Пәкістан СІМ басшысы Исхак Дардың кездесуінен кейін қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ EA Daily порталына сілтеме жасап.

Армения СІМ-нің хабарлауынша, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, бұл шешімді қанағаттанушылықпен атап өтті. Сондай-ақ, Арарат Мирзоян Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған Арменияның күш-жігерін таныстырып, Әзербайжанмен бейбіт келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Пәкістан Арменияны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамаған еді. Бұл ұстанымын Исламабад Таулы Қарабақ қақтығысында Әзербайжанға қолдау көрсетуімен түсіндіріп келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы