Пәкістан коммерциялық рейстер үшін әуе кеңістігін жапты
Алматы, BAQ.KZ. Сәрсенбі күні Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасы коммерциялық рейстер үшін әуе кеңістігін жапқанын мәлімдеді.
«Пәкістан Азаматтық авиация басқармасы ұшқыштарға хабарлай отырып әуе кеңістігін жапты»,-делінген басқарманың Twitter-гі парақшасында.
Мұндай шешім бүгін Исламабад бақылауындағы Кашмир территориясында Үндістан қарулы күштерінің екі ұшағы атып түсірілгеннен кейін қабылданған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы