Бүгiн 2026, 03:40
Фото: freepik
Пәкістан АҚШ пен Иран келіссөздерін өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Егер екі тарап келіссе, Исламабад диалог алаңын ұсынуға әзір.
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келіссөздерді өз аумағында өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Тахир Хуссейн Андраби мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, егер екі тарап келіссе, Исламабад диалог алаңын ұсынуға әзір.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасында соңғы күндері Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша "сындарлы келіссөздер" өткенін айтқан. Алайда Иран СІМ өкілі Эсмаил Багай бұл ақпаратты жоққа шығарып, Тегеран АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізбегенін, тек делдалдар арқылы өз ұстанымын жеткізгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, израильдік дереккөздер АҚШ пен Иран өкілдерінің кездесуі осы апта соңында Исламабадта өтуі мүмкін екенін хабарлады.