Пәкістан 1,4 миллион ауған босқынын күштеп елден шығаруды қайта бастады
Пәкістан билігі Ауған босқындарын күштеп елден шығару шараларын қайта бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі APnews-ке сілтеме жасап.
Аталған шешім Пәкістанда "тіркеу куәлігімен" (PoR) жүрген шамамен 1,4 миллион ауған босқынына қатысты. Олардың заңды мәртебесі маусым айының соңында аяқталған болатын. Көптеген босқындар жеке мүлкін сату, бизнесін аяқтау сияқты жеке істерін реттеу үшін бір жылға ұзарту үмітімен жүрген еді. Алайда үкімет мұндай мерзімді ұзартудан бас тартты.
PoR картасынан бөлек, шамамен 800 мың ауған азаматы "Ауған азаматтық картасына" (ACC) ие, бірақ полиция олардың да елде заңсыз жүргенін айтып, Пенджаб, Белуджистан және Синд өңірлерінде ұстау мендепортациялау шараларын жүргізуде.
Бұл шешім БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары тарапынан сынға ұшырады. Агенттік Пәкістан билігін босқындардың құқықтарын сақтауға шақырды.
БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі басқармасының (UNHCR) маусым айындағы есебіне сәйкес, биыл Иран мен Пәкістаннан кемінде 1,2 миллион ауған азаматы күштеп елдеріне қайтарылған.
Мұндай ауқымды репатриация 2021 жылы билікке келген "Талибан" үкіметі басқарып отырған Ауғанстандағы әлсіз және тұрақсыз жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберуі мүмкін, дейді сарапшылар.
Босқындардың жаппай оралуы экономикалық қиындықтарды күшейтіп, әлеуметтік және гуманитарлық дағдарысқа әкелуі ықтимал.
2025 жылғы 31 шілдеде жарияланған Пәкістан үкіметінің хабарламасына сәйкес, уақыты өткен тіркеу куәлігі (PoR) бар барлық ауған азаматтары елден шығарылуға тиіс. Associated Press агенттігі көрген құжатта жарамды паспорты мен Пәкістан визасы жоқ ауған азаматтары елде заңсыз жүр деп танылып, елге қайтарылуы қажет деп көрсетілген.
Екі үкіметтік және қауіпсіздік құрылымындағы дереккөздің айтуынша (олар аты-жөнін атамауды сұраған), Пәкістанның әр өңіріндегі полиция күштері ауған азаматтарын шекара бекеттеріне жеткізу үшін ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алайда олардың айтуынша, жаппай тұтқындау шаралары жүргізілмеген. Полицияға текүй-үйді аралап, елде заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерді кездейсоқ тексеру арқылы ұстау туралы нұсқау берілген.
Иә, Пәкістанда заңсыз тұрып жатқан ауған босқындары өз елдеріне құрметпен қайтарылуда, – деді Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы ауған босқындары жөніндегі уәкіл Шакил Хан.