Пәк қыздардың тізімі: Министр ақпаратты таратқандардың тағдыры туралы айтты
Үкіметте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пәк қыздардың тізімін таратқандар жазаланғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салсақ, жыл басында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті пәк студенттерінің тізімі тарап кеткен еді.
Бұл тізім техникалық емес, адами фактордың қателігінен тараған. Деканатқа флюорографияға түспеген студенттердің тізімі бойынша деканаттағы жауапты қызметкер медициналық тексерудің жеке қорытындыларын алып тастамай, жолдап жіберген. Университеттің қызметкері жұмыстан шығарылды. Енді бұл мәселе азаматтық және әкімшілік іс бойынша қаралды. Ол Әл-фараби атындағы университеттің қызметкерлері,- деді Нұрбек.
Министр аталған іске қатысы бар бүкіл кінәлілер жазаланғанын айтады.
Университетке қызмет көрсететін медициналық орталықпен келісімшарт бұзылды. Бұл оқиғаға қатысты барлық қатысушы жазаланды,- деді ведомство басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы бір ЖОО талапкерлерге 100 ішкі грант бөлетін болды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы