Жалпы жаңалықтар
-
Қазақстандық әйел TikTok үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Қостанай тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде қоғамдық түрде жасалған ұлтаралық қақтығысты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттері үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Шымкентте қайтыс болған сарбаздың отбасына қысым көрсетілді ме? – Ұлттық ұлан жауап берді
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі Данияр Амалбековтың қаза табуына байланысты, отбасының әскери құрылымдар тарапынан қысым көрсетілгені жөніндегі мәлімдемелері аясында ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
300 млн теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Биыл Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанда Рамазан айындағы ораза 19 ақпанда басталады. Діни мерекелер күнтізбесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Алтын бағасы күрт қымбаттады
Иран төңірегіндегі тәуекелдер мен АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесіне көрсетіліп жатқан қысым аясында инвесторлар алтынға салымдарын күшейтті. Күміс те қымбаттап, тарихи ең жоғары деңгейіне жақындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Oreo печеньесінің тамырларды бітейтіні рас па? – Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желілерде Oreo печеньесінің зияны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Абай облысында жоғалған 8 жасар бала құдықтан табылды
Абай облысында учаскелік полицей камералардың көмегімен жоғалған 8 жасар баланы тауып алды. Бала құдықтан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: Күдіктінің жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды
Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктіге іздеу жарияланды. Оның жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
13-15 қаңтар: Кей өңірде 38 градус аяз болады
Осы аптада, 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні Қазақстанда күн суытып, аяз түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Қазақстандық жолаушылар пойыздан ұшаққа ауысып жатыр
2025 жылы Қазақстанда көліктің барлық түрімен 1,9 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ Статистика бюросына сілтеме жасап.
12.01.2026
-
Қазақстанда инфляция 9,7 пайызға дейін баяулайды
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 12,3 пайыз болды. Бұл көрсеткіш алдын ала жасалған болжамға сәйкес келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Көлік нөмірін жасырған 900-ге жуық жүргізуші анықталды
Республикалық автожолдарда жалған мемлекеттік нөмірлер бойынша 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Алматыдан 46 шақырым жерде жер сілкінді
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 11:44-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырымда, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші 2,9 баллды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Ақпан айында қанша күн демаламыз?
2026 жылдың ақпан айында Қазақстанда ресми мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Қарағандыда жетім балаларды қорқытып, несие алдырған қылмыстық топ ұсталды
Қарағандыда полиция балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
12.01.2026
-
800 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды – Бас прокурор
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды экономикалық реформалар жағдайында 2025 жылы прокурорлар мемлекет мүдделерін 1,1 трлн теңгеден астам сомаға қамтамасыз етті. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026
-
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне квота бекітілді: Кімге қанша рұқсат берілді?
Елімізде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгіленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Елімізде дипфейкке шариғат бойынша тыйым салынды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы дипфейкке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Ирандағы көтеріліс: Тегеранда қаза тапқандар саны артып, қала толық жарықсыз қалды
Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Ирандағы көтерілістің қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.01.2026
-
Көлік, құрылыс және сауда: Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5% болды
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12.01.2026