Жалпы жаңалықтар
-
Сәуірдің соңғы демалыс күндері жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
26.04.2019
-
Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы азайды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында жасөспірімдер қылмысы 25% төмендеді. Аймақтағы полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жыл басынан бері 10-ға жуық акция мен жедел алдын-алу шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары түрлі құқық бұзушылық жасаған 1500-ге жуық жасөспірімді ұстаған.
26.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар таңдау жасаудан тыс қалмайды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орнату міндетін мінсіз атқарып отыр. Демократиялық, зайырлы мемлекетімізде ешкімнің құқы шектелмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қашанда қоғам өмірінен тыс қалған емес. Олар елдегі саяси науқан – Президент сайлауында да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен басқосуда айтылды.
26.04.2019
-
«Астананың» жас футболшылары Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалын тамашалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Футбол достық үшін» атты халықаралық әлеуметтік жобаға биыл «Астана» клубы қатысады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде «Астана» клубының атқарушы директоры Пол Эшуорт айтты.
26.04.2019
-
Ректорлар бәсекеге қабілетті болу керек – депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әр университет бәсекеге қабілеттілігін арттырып, көшке ілеспесе ертең ол өздігінен жойылып кетеді.
26.04.2019
-
Ішкі істердегі "бармақ басты, көз қысты" тамырымен жойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1шілдеден бастап ҚР ІІМ тіркеу-емтихан қабылдау бөлінісі жойылып, оның функцияларын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорпциясына беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтылды.
26.04.2019
-
Алматыда ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселесі қаралды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі Ұлттық статусқа ие университеттегі кафедра меңгерушілері 150 мың теңге жалақы алып жатыр. ЖОО-да оқытушылардың жалақысына қатысты саясатты қайта қарауы керек.
26.04.2019
-
Назарбаев қытайлық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26.04.2019
-
Абайды ұлықтағымыз келсе, Құнанбайды ұмытпауымыз керек – Президент
Семей, BAQ.KZ. "Ұлы Абайды ұлықтағанда, оның әкесі – Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет." Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты.
26.04.2019
-
Қарағандыда көпбалалы отбасыларға тегін жол жүру қарастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімінің бастамасмен облыстық әкімдік пен мәслихат бірлесіп, көпбалалы отбасыларды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
26.04.2019
-
«Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктерден де ауқымды жоба – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Бір жол, бір белдеу» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсіміне қатысты.
26.04.2019
-
Қорғаста 36 дана оқ-дәрісі бар әйел адам қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте шекарашылар «Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында ірі көлемде елімізге енгізілмек болған контрабандалық тауардың, елден шығарылмақ болған дәрілік шөптің жолын кесіп, әйел адамның автокөлігінен 36 дана оқ-дәрі тауып алды.
26.04.2019
-
Тоқаев: Семей полигонынан зардап шеккендерге жағдай жасалу керек
Семей, BAQ.KZ. "Полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет". Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қалысының зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты.
26.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019. "Болашақ" түлектері кімді таңдайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Bolashaq» қауымдастығы Nur Otan партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну туралы шешімді бірауыздан толық қолдайды.
26.04.2019
-
Нұр-Сұлтанда «Koktem fest» байқауы аясында қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 балуанның қатысуымен қазақ күресінен «Байқоңыр барысы» турнирі ұйымдастырылмақ, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
26.04.2019
-
Павлодарлық дихандар көктемгі дала жұмыстарына кірісті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің дихандары көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Биыл егістік алқаптары 1 млн 300 мың гектарға жетпек.
26.04.2019
-
Елордадағы субұрқақтар мамырдан бастап іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
26.04.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Коммунистер өз үміткерін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Park Inn» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс XIV Съезі өтіп жатыр.
26.04.2019
-
Елорда Дүниежүзілік иммундау аптасына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егу жұмыстары тегін жүргізіледі. Барлық мәселе бойынша тіркелген емханаларға хабарласу қажет, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
26.04.2019
-
Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 сәуір күні Бейжіңде ІІ халықаралық ынтымақтастық форумы ашылды. "Бір белдеу, бір жол" форумына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып жатыр.
26.04.2019