Жалпы жаңалықтар
-
Павлодарда 120 бүлдіршін жүгірген спринт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының № 24 балабақшасында Жеңістің 74 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
08.05.2019
-
Қостанайда көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қостанай қаласында баспана кезегінде тұрған көпбалалы әрі аз қамтылған 80 отбасы қоныс тойын тойламақ. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Юбилейный шағын ауданында болған салтанатты шарада айтты.
08.05.2019
-
Қызылордада босанған әйел 45 күн комада жатып, қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында босанбақ болып жүрген 35 жастағы әйел ауруханада бір жарым ай бойы ес-түссіз жатып, қайтыс болған. Марқұмның отбасы қайлығы жағдайға дәрігерлерді кінәлауда. Олар әйелді аман алып қала алатынын айтқан. Сорақысы сол, олар әйелдің жатырын кесіп тастап, мұны жасырып келген, деп жазды Almaty tv.
08.05.2019
-
Мәйітханалар ешбір талапқа сай келмейді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары еліміздің сот-медициналық қызметінің жағдайы мүшкіл дейді. Осыған байланысты олар Әділет министрі Марат Бекетаевқа сауал жолдады.
08.05.2019
-
Семейдегі тарихи ескерткіштерді қорғайтын бағдарлама әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар мәдени нысандарды аралады. Бұл туралы Семей ақпараттық орталығы хабарлайды.
08.05.2019
-
Садақ атудан Әлем кубогіндегі отандық мергендердің қазіргі көрсеткіші қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Классикалық түрде садақ ату сынынан соң компаунд бойынша бәсекелер басталды, деп жазады Olympic.kz.
08.05.2019
-
Президент сайлауы – 2019: Үміткерлер арасында ашық теледебат өте ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жиын өткізіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров үміткерлер арасындағы ашық дебаттың өтуі туралы да пікір білдірді.
08.05.2019
-
Үкімет жалдамалы пәтерді қандай жағдайда тартып алатыны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жалдамалы пәтерлерді үкімет қандай жағдайда тартып алатынын айтты.
08.05.2019
-
Отандық деректі фильмдер Севастопольдағы кинофестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Николай Раисовтың «Соғыстың 60 күні» фильмі мен Берік Жахановтың «Ата кәсіп» фильмдері Севастопольдағы XV «Бірге жеңіске жеттік» халықарылық деректі фильмдер және телебағдарламалар кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады.
08.05.2019
-
Ақмолалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жеңіс күні қарсаңында ақмолалық полицейлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады.
08.05.2019
-
Көпбалалы отбасыларға 2% несиемен үйлер беріле бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова қазіргі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 344 отбасы банкке өтінім бергенін, оның ішінде 330 отбасының өтінімі мақұлданғанын, сондай-ақ бүгін екі отбасы несие шартына қол қоятынын айтты.
08.05.2019
-
Президент сайлауы – 2019. Биыл кандидаттарды тіркеу ерте аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында тіркелген кандидаттардың қорытындысына және алдағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына арналған жиын өтті.
08.05.2019
-
Биыл кезекте тұрған 6 мың көпбалалы отбасыға пәтер беріледі – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды үймен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 6 мың отбасы пәтермен қамтылады.
08.05.2019
-
Бас прокуратураның қазақстандықтарға үндеуі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібіне сәйкес үндеу жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
08.05.2019
-
Елордалық полицейлер көліктерді сатумен айналысқан алаяқты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері көліктерді сатумен байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
08.05.2019
-
Ғалымжан Мелдешов жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
08.05.2019
-
Қазақстан мен Литва арасында сотталған адамдарды беру туралы шарт бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжіліс депутаттары бір заң жобасын мақұлдап, екеуі бойынша қорытынды әзірлеуге кірісті.
08.05.2019
-
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастықты нығайтуына жәрдемдесуге дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігеріне одан әрі жан-жақты жәрдемдесуге дайын.
08.05.2019
-
Италияда жүздеген үй 1 еуродан сатылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Сицилияның оңтүстігіндегі Иуссомели қаласының жергілікті билігі жүздеген ескі үйді сатылымға шығарды, олардың әрқайсысы 1 еуро тұрады (427 теңге). Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
08.05.2019
-
Тараздық оқырмандар үшін «Адал кітапхана» залы ашылды
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ашық кітапхана» атты орталық ашылды.
08.05.2019