Жалпы жаңалықтар
-
Елордада автобус бағыттары уақытша өзгереді
Нұр-Сұлтан қаласында жол
жөндеу жұмыстарына байланысты №4 және 320 бағдардағы автобустардың қозғалыс
сызбасы уақытша өзгереді.
26.06.2019
-
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, аймақ басшысының өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрлыбай Қаржаубайұлы Аққұлов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
26.06.2019
-
Арысты қалпына келтіруге үкімет резервінен қаржы бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінеді. Бұл туралы Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арысқа қан тапсырып көмектесіп жатқандар бар. Бұл туралы "Республикалық студенттік қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев айтты.
26.06.2019
-
ШҚО-дағы зауыттар Арысқа 107 млн аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету шараларына алғашқылардың бірі болып өңіріміздегі ірі кәсіпорындар атсалыса бастады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.
26.06.2019
-
Ұлттық қорда қанша ақша бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы айтты.
26.06.2019
-
Тоқаев тұрмысы төмен азаматтардың несиесін өтеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев əлеуметтік осал топтағы азаматтардың несиесін өтеуді тапсырды.
26.06.2019
-
Бюджеттің барлық деңгейі бойынша кірістер асыра орындалды – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың 5 айындағы бюджеттің атқарылуы туралы, салық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит саласындағы шаралар туралы баяндады.
26.06.2019
-
Еліміздегі үздік БАҚ өкілдері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарының және алғыс хат иелерінің есімі белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
26.06.2019
-
Арыс қаласы аумағынан 130-ға жуық снаряд табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласы аумағында Түркістан облысы Полиция департаментінің 448 қызметкері мен 75 арнайы автокөлігі жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
26.06.2019
-
ІІМ: Арыс қаласында 350 адам жоғалғаны туралы ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми түрде Арыс қаласында 350 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.
26.06.2019
-
Президент азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті өмірлік қиын жағдайда қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөнінде уақтылы көмек көрсету мақсатында қаулы етті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Филантроп 10 млн теңге аударды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң, зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз қызмет xабарлады.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Қорға түскен қаржы көлемі 225 млн теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
26.06.2019
-
#АрысБізБіргеміз. Павлодарлықтар 90 тонна жүк жөнелтті
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Павлодар қаласынан Арысқа азық-түлік тиелген жүк көліктері жөнелтілді.
26.06.2019
-
Заңды тұлғаларды тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» жүргізетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
26.06.2019
-
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы жыл басынан бері 6% өсті
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,9 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 517 млрд теңгеге немесе 6%-ға өсті. Бұл туралы БЗЖҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
26.06.2019
-
Қызылорданың көркемсурет галереясына Салихитдин Айтбаевтың есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-25 маусым аралығында Қызылордада Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан шеберлерінің қатысуымен ұйымдастырылған «Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» атты қылқалам шеберлерінің халықаралық симпозиумы өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайты хабарласты.
26.06.2019
-
Өскеменде Шәкәрім көшесін кеңейту жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шәкәрім көшесінде жолды кеңейту бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
26.06.2019
-
«Өздеріңіз бағалаңыздар»: Вице-министр жарылыс кезінде жылаған әскери қызметкерге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласындағы жарылыс кезінде көз жасына ерік берген әскери қызметкердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Қорғаныс вице-министрі Тимур Дандыбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде осы жазбаға қатысты пікір білдірді.
26.06.2019