Жалпы жаңалықтар
-
Сырбойылық өрендер саз балшықтан жасаған сырлы аяқ
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда қаласындағы Оқушылар үйі балаларға саз балшықтан бұйым жасаудың қыр-сырын үйретеді.
06.02.2019
-
Ақтөбеде тракторшылар тапшы
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары. Аймақтағы жұмыссыздар арасында экономист, заңгерлер көп. Ал биыл 38 мыңнан астам ақтөбелік жұмыспен қамтылады.
06.02.2019
-
Шығыс Қазақстанға еліміздің бес облысынан жұмысшы мамандар тартылуда
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы Шығыс Қазақстанға еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1816 мүшесі бар 608 отбасы көшіп келген. Олардың ішінде 324 отбасы қоныс аударушылар болса, қалған 284-і оралмандар жанұясы. Облысқа негізінен мұғалімдер, медицина қызметкерлері, есепшілер, тәрбиешілер мен жұмысшы мамандар тартылуда. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова хабарлады.
06.02.2019
-
Павлодарлық жүргізушілер тоңып қалған тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізуде
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің жүргізушілері тоңып қалған тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізуде. Осындай бастаманы жастар бірлестіктерінің белсенділері көтерді.
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Қайырымды Павлодар» акцияның аясы кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта жастардың үндеуіне
06.02.2019
-
Сағатың тоқтамасын. Астанада әлемде жасалмаған ота жасалды
Алайда, жасанды жүрекпен өмір сүретіндер өзімен бірге салмағы 3 келіге жететін сөмкені әрдайым тасып жүруі тиіс болатын.
06.02.2019
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша ақпанның 7-9 аралығында қатты аяздар әлсірей бастайды.
06.02.2019
-
Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа Fly Arystan әуе компаниясының қашан жұмыс істейтінін айтты.
06.02.2019
-
Конфедерация кубогы: Зарина Дияс алғашқы ұпайды әкелді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таиланд құрамасына қарсы алғашқы мачта қарсыласы Мананчая Савангкаевтан 6:1, 6.3 есебімен басым түсті.
06.02.2019
-
Көпбалалы отбасыларға пәтер алу үшін арнайы сертификаттар беріледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта көпбалалы отбасылар үшін пәтер алуға арнайы сертификаттар беру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлім етті.
06.02.2019
-
Назарбаев: Жапониямен байланысты дамыту - сыртқы саясатымыздың басым бағыты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.
06.02.2019
-
Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренеміз – жас волонтер
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде қаладағы жас тұрғындар үшін өзін дамытуға түрлі мүмкіндік бар. Мұндай мүмкіндікті әкесінің кеңесімен қолған Ұлпан Изакова Корей мәдени орталығында бір жылдан бері волонтер болып жүр.
06.02.2019
-
Шорт-тректен әлем чемпионатына кімдер қатысады
Астана, BAQ.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасы Италияның Турин қаласында өтетін әлем кубогының соңғы кезеңінен кейін Болгарияның София қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков маңызды жарыстар алдындағы команданың жай-күйімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz.
06.02.2019
-
Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың алдын алуы қажет – Назарбаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада айтты. Бүгін жаңа елшілер Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсырған еді.
«Халықаралық қатынастар саласында әлемдік жүйенің түбегейлі өзгеріске ұшырағаны баршаңызға мәлім. Жетекші ядролық мемлекеттер арасындағы текетірес әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осы орайда «Орта және кіші қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың» бұзылу қаупі ерекше екендігін атап өткен жөн. Бейбітшілікті қалайтын елдер жаңа жаһандық апаттың болуына жол бермеу үшін, алдын алу үшін жұмыс істеуі қажет. Бұл біздің бүкіл адамзат алдындағы тарихи жауапкершілігіміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Қазақстан әлемдік татулық пен бірлікті сақтауға әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
«Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған қызметі соның айқын дәлелі. Жаһан жұршылығы Қазақстанды ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде мойындап отыр. Биыл 29 тамызда Семей полигонында алғашқы ядролық сынақты өткізгеніне 70 жыл толады. Біз бұл атаулы датаға ерекше мән береміз. Қазақстан антиядролық іс-қимылдармен қатар өңірлік деңгейдегі қақтығыстарды реттеуге белсенді атсалысып келеді. Оған Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесі, Ауғанстанға көрсетілген көмек және басқа игі істеріміз дәлел болмақ. Мемлекетіміз алдағы уақытта да әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өз үлесін қоса беретін болады», - деді Назарбаев.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Ақордада бес мемлекеттің елшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Атап айтсақ, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань, Хорватия елшісі Рефик Шабанович, Жапония елшісі Тацухико Касаи, Чехия елшісі Рудольф Гикл, Тәжікстан елшісі Хайрулло Ибодзода табыстады.
Қымбат Елтайқызы
06.02.2019
-
Бес баланың өлімі: Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы пәтерлердің саны артуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
06.02.2019
-
Өскеменде полиция көлігінің астына түскен әйел көз жұмды
Астана, BAQ.KZ. Өскеменде полиция автокөлігі қаққан әйел көз жұмды. Бұл жөнінде ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өскемен ауруханасында реттелетін жаяу жүргінші өтпе жолында полиция машинасы қаққан әйел қайтыс болды.
«Жәбірленушінің медициналық мекемеде көз жұмуына байланысты полиция автокөлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша қайта сараланып қаралуда», - деп хабарлады ведомстводан.
Жол-көлік оқиғасы 5 ақпан күні сағат 10:30 шамасын оран алған.
«Іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама, соның ішінде, сот-автотехникалық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталады және жинақталған материал негізінде заңды процестік шешім шығарылады», - деп жазылған хабарламада.
06.02.2019
-
Алматыда 8 рейс кешігіп жатыр
Астана, BAQ.KZ. Алматы әуежайы сайтындағы электронды таблода көрсетілгендей Астана, Душанбе, Стамбул, Пекин, Семейге жолаушылар уақытында ұша алмай отыр. Рейстердің кешігуне қалың жауған қар себеп болып отыр.
«Қалың жауған қарға қарамай Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшып-қону жолағы жедел қардан тазартылып жатыр. Әуежай паркіндегі техникалар, соның ішінде лайнерлердің деайсингі жеткілікті. Қазіргі таңда әуе айлағы ауданындағы ауа температурасы -6º, 650/250 метрге дейін көру мүмкін. Еске сала кетейік, Алматы халықаралық әуежайы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында III жоғары санатын алған және 75 метрге дейін көру мүмкін болған кезде де борттарды қабылдай алады», - делінген әуежай таратқан хабарламада.
Әуежай жолаушыларға алдын ала Алматы әуежайының 270-33-33 анықтама телефонына, болмаса өздерінің әуе компаниясының байланыс нөміріне хабарласып рейстері туралы ақпарат алуды ескертті.
06.02.2019
-
Түркістанда жоғары технологиялы жылыжай кешені салынуда
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы құны 300 млн долларды құрайтын жоғары технологиялы өндірістік жылыжай кешені іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлағандай, нысан құрылысының басталуы 2019 жылдың І тоқсанына жоспарланған.&
06.02.2019
-
Жаңа елшілер Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасында жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдады.
06.02.2019
-
Бірыңғай жиынтық төлем туралы 3000 адам хабардар болды
Астана, BAQ.KZ. Еш жерде ресми жұмыс істемейтін, алайда табыс табатын азаматтар бар. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді.
06.02.2019
-
Мені президент қылып сайламағанда, миллиондаған адам соғыста мерт болар еді – Трамп
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ пен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі кездесу ақпанның 27-28 күндері Вьетнамда өтеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлім етті.
06.02.2019