Жалпы жаңалықтар
-
Таразда инъекциялық есірткі пайдаланатындар үшін сенім орталығы ашылды
Тараз, BAQ.KZ. БҰҰ 1 наурызда атап өтетін «Кемсітушілікке жол жоқ» халықаралық акциясы аясында Таразда инъекциялық есірткі пайдаланатын тұлғаларға арналған жаңа сенім орны ашылды. Бұл жөнінде ZhambylNews ақпараттық порталы хабарлады.
15.02.2019
-
Ақтөбеде былтыр «7-20-25» бағдарламасымен 227 адам пәтерлі болды
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде былтыр 908 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасымен 227 ақтөбелік баспаналы болды.
15.02.2019
-
Смартфон денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады – вице-министр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқа отырысының қорытындысында көпсалалы медициналық ауруханалар салуды қолға алу туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжатты қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге өту туралы айтылды.
15.02.2019
-
70 мың ақтөбеліктің орташа жалақысы 1,5 есеге өсті
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде халықтың әлеуметтік қорғалуына жағдайлар жасалып жатыр. Былтыр ақтөбеліктердің орташа жалақысы 109 пайызға көбейді. 70 мың тұрғынның еңбекақысы 1,5 есеге артты. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен кездесуі кезінде мәлімдеді.
15.02.2019
-
Бақауов халықпен әлеуметтік желі арқылы байланыс орнатпақ
Павлодар, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халыққа әлеуметтік желілер арқылы жақын болмақ. Бұл туралы аймақ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде айтты.
15.02.2019
-
Жақсы дәрігер болу үшін студент кезден ауруханада жұмыс істеу керек – Біртанов
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өтіп жатқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында медициналық білім беру саласы туралы айтылды.
15.02.2019
-
Конституция нормаларын ресми түсіндіру оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және түсініксіздіктерді жояды
Астана, BAQ.KZ. Осыған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма, деген сұрақ қойылған болатын.
15.02.2019
-
Жерді 100% қазақстандық заңды тұлғаға жалға беру керек – Мұхтар Тайжан
Астана, BAQ.KZ. Мәжілісте үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері ауыл шаруашылығына тиесілі жерді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты.
15.02.2019
-
Қазақстандық әйелдерге триатлон тегін үйретіледі
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде әйелдер триатлонын дамыту жобасы басталды. Алматының әуесқой-триатлоншы әйелдер клубы Women Tri Club Almaty атауымен өнер көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан триатлон федерациясы.
15.02.2019
-
ҚР ДСМ басшысы дәрігерлердің жалақысы ең жоғары болуы керектігін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысында дәрігерлердің жалақысы туралы айтылды.
15.02.2019
-
Біртанов: Ең басты міндет – медициналық қызметтің сапасын арттыру
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада ҚР Денсаулық министрлігінің 2018 жылы атқарылған жұмыстары мен 2019 жылы алға қойған міндеттері бойынша кеңейтілген Алқа отырысы өтті.
15.02.2019
-
Алматыда 50 жастағы ұры әйел ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Қалта ұрыларының фото кестесі толыға түсуде. Қоғамдық орындарда елдің қалтасын қағып келген тағы бес адам ұсталды. Олардың жас мөлшері 26-50 аралығында, деп мәлімдеді қалалық Полиция департаменті.
15.02.2019
-
Түркістанда «қолғабыс» жобасы жүзеге асады
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласында үш маңызды мәселе 100 пайыз шешімін тауып отыр, деп жазады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
15.02.2019
-
Жастардың жетістігі мемлекеттің беделін арттыруда – Назарбаев
Астана, BAQ.KZ. Елбасы халықаралық спорт сайыстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
15.02.2019
-
Ақтөбеде 2 триллион теңгеге жуық өнім өндірілді
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін халық алдында есеп берді. Өңір басшысының сөзінше, аймақ экономикасының өсімі былтыр 5 пайызды құрады.
15.02.2019
-
Климаттың өзгеруі ең үлкен проблема әрі трагедия – қоғам белсендісі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Экология мәселесі әлем бойынша бірінші орында тұр. Қазір дүниежүзінде 7,5 млрд адам бар болса, жеріміз жыл өткен сайын қоқысқа айналып барады. Егер экологияны қазірден ойламасақ, келешек ұрпағымыздың болашағына балта шабамыз. Бұл туралы «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртай Baq.kz тілшісімен сұхбаттасу барысында айтты.
15.02.2019
-
Атырауда 25 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды
Астана, BAQ.KZ. Атырауда 5 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
15.02.2019
-
Білім және ғылым гранттарын бөлу тікелей эфирден көрсетіледі – Сағадиев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Білім беру саласында конкурстар, олимпиадалар және гранттарды бөлу ашық форматта өткізілуі тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ЕҰУ ғимаратында өктен ведомствоның алқа отырысында мәлімдеді.
15.02.2019
-
ҚР ІІМ-де Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығы мерекеленді
Астана, BAQ.KZ. Бүгінгі күнде Қазақстан полициясы мен Ұлттық ұланның қатарында Ауған соғысынан өткен 40-тан астам қызметкер қызмет етеді, сондай-ақ ауған соғысына қатысқан 700-ден астам запастағы офицер бар.
15.02.2019
-
Ыстық көл аумағына полиэтилен бұйымдарды кіргізбеу ұсынылды
Астана, BAQ.KZ. Қырғызстанның Ыстық көл аймағына пластик пакеттер мен ыдыстарды кіргізуге тыйым салу жөнінде заң жобасы бойынша Қырғызстан парламентінің отырысы өтеді. Бұл туралы Жогорку Кеңештің баспасөз қызметі хабарлады.
15.02.2019