Жалпы жаңалықтар
-
Регбиден Азия федерациясының президенті Қазақстан ҰОК өкілдерімен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Астанада Азия регби федерациясының президенті Хусейн Ага мен Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков және бас директор Нұрлан Нөгербектің қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп хабарлады Olympic.kz. Кездесу барысында тараптар әрі қарайғы әріптестік туралы әңгімелесті.
19.02.2019
-
Назарбаев «Лукойл» президентін қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті.
19.02.2019
-
БҒМ балабақша тәрбиешісінің дәрежесін бастауыш мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізуді көздейді
Астана, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым.
19.02.2019
-
Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері аймақтық «Білім үздігі» байқауы өтіп келеді
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан байқау мақсаты – облыс педагогтары қызметінің беделін арттыру, үздік мұғалімдер мен білім беру ұйымдарын көпшілікке насихаттау, сала мамандарының жеке және кәсіби сапасын көтермелеуге арналған.
19.02.2019
-
Жас пианистер «Astana Piano Passion» байқауына қатыса алады
Астана, BAQ.KZ. 12-18 мамыр аралығында Астанада жас пианистердің «Astana Piano Passion» байқауы және V Халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.
19.02.2019
-
Оразалы емтиханда домбырамен жырлап тұрып жауап беретін – профессор
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Ауызша ақындық поэзия мен жазба поэзияның көркемдік тұтастығында Оразалы озып тұрды. Бұл туралы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Темірхан Тебегенов О. Досбосынов атындағы жас айтыс ақындары орталығының ашылуы кезінде айтты.
19.02.2019
-
Қарағандыда тұрғын үйлерге улы газ датчигі орнатылуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысында «Өрт қауіпсіздігі күні» аясында xалық арасында үгіт-насиxат жұмыстары жүргізіліп, көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлердің жеке тұрғын үйлерінде улы газ датчигі орнатылды.
19.02.2019
-
Сенат комитетінде халықаралық құжаттар қаралды
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.
19.02.2019
-
2018 жылы тұмаумен ауырғандар саны артқан
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылы Қазақстан халқы қандай сырқаттармен ауырғаны туралы ақпарат таратты.
19.02.2019
-
Оразалы орталығының ашылғаны қуанышты жағдай – Нұрлан Оразалин
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Біз бүгін жалғыз Оразалыны ғана еске алып отырған жоқпыз, бұл Алтай мен Атыраудың арасындағы осы қазақты «қазақ» етіп қалдырған ауыз әдебиетіне көрсетілген үлкен құрмет деп есептеймін.
19.02.2019
-
Өзбекстан 100 мың сомдық банкнотты айналымға шығарады
Астана, BAQ.KZ. Өзбестан Орталық банкі 25 ақпаннан бастап 100 мың сомдық банкнотты айналымға шығарады. Жаңа банкнотта ұстаған адамның қолына білініп тұратын белгілері болады.
19.02.2019
-
Балқашта өртенген үйден екі баланы көршісі құтқарып қалды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Балқаш қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өз өмірін қатерге тіккен ер адам жалын шарпыған пәтерге кіріп, 4-5 жастағы екі баланы құтқарып қалды.
19.02.2019
-
Kinder Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
Астана, BAQ.KZ. Kinder брендімен Ferrero өнімдерін шығаратын италиялық компания «Аксай Айс Арена» компаниясы мен Алматы қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Жанұя» және Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бірқатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
19.02.2019
-
Жеңілдікпен автонесиелеуге 10 млрд теңге бөлінеді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөлінетінін айтты.
19.02.2019
-
ТҮҚЖБ салымшылары 25 жылға мөлшерлемесі 5% несие ала алады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінетін 28 миллиард теңге бюджеттік несие есебінен салымшылар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 25 жылға жылдық мөлшерлемесі 5%-дық жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.
19.02.2019
-
Сағынтаев цифрландыруды жүзеге асырудағы олқылықтарды атады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында әріптестеріне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты бірқатар тапсырма берді.
19.02.2019
-
«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй бағдарламасына 28 млрд теңге бөледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов 2019 жылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінетінін мәлімдеді.
19.02.2019
-
Жеңіс Қасымбек биыл жолаушылар тасымалдайтын 2000 автобус енгізілетінін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында 2019 жылы облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 2 мыңнан астам автобус іске қосылатынын мәлімдеді.
19.02.2019
-
Биыл 100-ден астам кәсіпорын цифрландырылады – Қасымбек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, геология және жер қойнауын пайдалану салаларында атқарылып жатқан жобаларды атады.
19.02.2019
-
Биыл бір цифрлық және бес көші-қон ХҚКО ашылады – Абаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2019 жылы мемлекеттік қызметтердің 80% электрондық форматқа көшіріп, 1 цифрлық және 5 көші-қон халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарланып отырғанын айтты.
19.02.2019