Жалпы жаңалықтар
-
Еліміздегі МЖС аясындағы жобалардың 23% Шығыс Қазақстанға тиесілі
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі барлық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы жобалардың 23%-ы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Қазіргі уақытта облыс инвестиция тарту бағытында Еуропалық Даму банкімен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
22.02.2019
-
Ақтөбенің 7 елді мекенінде су басу қаупі сейілді
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында су басу ықтималдығы бар 35 елді мекен бар. Былтыр анықталған 42 елді мекеннің жетеуінде қауіп жойылған. Арықтар мен бөгеттер салынған. Бұл туралы бүгін Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақ пен қаладағы төтенше жағдайларға жауапты мамандар мәлімдеді.
22.02.2019
-
Мыңдаған көпбалалы ана «Біріңғай әлеуметтік терезе» қызметіне жүгінді
Астана, BAQ.KZ. 20 ақпаннан бастап «Нұр Отан» партиясының 230 филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бірыңғай әлеуметтік терезе» аясында белсенді жұмыс жүргізілуде. Партиялық алаңда азаматтарды қабылдауды комиссия жүзеге асырады.
22.02.2019
-
Үйі өртеніп, үш баласынан айырылған қызылордалық анаға баспана берілді
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығына қарасты Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Жәмилә Сәдуоваға жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
22.02.2019
-
Ақтөбеде 15 жаңа мектеп салынады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде үш ауысымдағы мектептер болмайды. Қазір облыста үш ауысымды мектептерді жою шаралары жүріп жатыр. Былтыр мұндай 8 мектеп жойылды.
22.02.2019
-
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жобасын көпшілік алдында талқылау аясында Денсаулық сақтау министрлігі, ДДСҰ, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін талқылауға ұсынды.
22.02.2019
-
Биыл ШҚО-дағы білім мекемелеріне камералар толық орнатылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар – білім және денсаулық сақтау салаларын цифрландыру мықтап қолға алынды.
22.02.2019
-
Қазақстан мен Жапония сауда айналымы 2 млрд долларға жетті – елші
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда айналымы 2 млрд долларға жетті. Бұған дейін біз мақсары майы мен табиғи балды экспортқа шығарсақ, енді жапониялықтар жылқы етін алуға ниеттеніп отыр. Екі ел арасындағы осы және өзге де сауда-экономикалық қарым-қатынастың мән-жайын Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев айтып берді.
22.02.2019
-
Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 23 ақпан күні ауа райына байланысты дабылды ескерту жасады.
22.02.2019
-
ШҚО-да Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының аймақтық орталығы құрылады
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның «Алтай Атлетикс» клубында Қазақстан азаматтығын алған төрт кениялық жеңіл атлетші бар. Жеңілатлетика федерациясы халықаралық қауымдастығының үздіктер рейтингіне кіретін бұл спортшылар қазірдің өзінде халықаралық байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтып жүр.
22.02.2019
-
Пәкістанда нөсер жауын мен қардан 28 адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандық ақпарат құралдары соңғы кезде елдің көптеген аудандарында нөсер жауын мен қардың жиілеп кетуінен 28 адамның көз жұмғанын хабарлауда.
22.02.2019
-
Катонқарағай ауданында халық медицинасының орталығы ашылмақ
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында халық медицинасының орталығы ашылмақ. Бір уақытта 90 адамға қызмет көрсете алатын аталмыш орталық Катонқарағай ауылындағы жаңадан салынған аурухана базасында жұмыс істейтін болады.
22.02.2019
-
Сексеуіл отаған браконьер ұсталды
Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары Балқаш ауданының аумағында сексеуілді заңсыз отады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
22.02.2019
-
Мемлекеттік органдарда үстеме жұмыс төрт есе қысқарды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысы қысқарды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәдина Наурызбек мәлімдеді.
22.02.2019
-
Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін
Өскемен, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде бүгін тұрғындар алдында есеп берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жалпы, мұндай ұсынысты біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт ұсынған еді.
22.02.2019
-
Шымкентте Ұлы даланың өркениетіне арналған халықаралық жиын өтті
Шымкент, BAQ.KZ. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлы дала өркениетінің мәні мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
22.02.2019
-
Темір жол станциясы бастығы 18 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова соңғы екі аптада болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді.
22.02.2019
-
Жамбылдағы 60 елді мекен медициналық нысанмен қамтылады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 1,5 жылда Жамбылдағы 60 елді мекен алғашқы медициналық көмек көрсететін нысанмен қамтылады. Бұл жөнінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңір тұрғындары алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.
22.02.2019
-
Астанада бөлім басшысы 414 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы басқарма басшысының ЭЦҚ-сын пайдаланып, мердігер мекеменің шотына 414 млн теңгені заңсыз аударған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
22.02.2019
-
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеді.
22.02.2019