Жалпы жаңалықтар
-
Съезд қарсаңында. 20 жылдыққа тарту
Астана, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында «Нұр Отан» жасампаздық пен дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара партияның мерейтойына орай ұйымдастырылды.
22.02.2019
-
Астанада өз-өзін жармақ болған азамат жауапқа тартылды
Астана, BAQ.KZ. Астанадағы "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында үкімет мүшелерінің келуін талап етіп, талабы орындалмаған жағдайда "газ баллонын жарамын" деп қорқытқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды.
22.02.2019
-
Көші-қон тәртібін бұзған шетелдікке айыппұл салынды
Астана, BAQ.KZ. Арал аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының азаматы Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
22.02.2019
-
Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды
Астана, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.
22.02.2019
-
Шегірткемен күрес мәселесін Қазақстан мен Ресей бірлесіп шешпек
Астана, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының арасында шекаралас аумақтарда шегіртке тектес зиянкестермен және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәселелері бойынша жыл сайынғы халықаралық кеңес өткізілді.
22.02.2019
-
Өрттен 15 адамды құтқаруға көмектескен жауынгер марапатталды
Астана, BAQ.KZ. Жанып жатқан үйден 15 адамды шығаруға көмектескен «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі, ефрейтор Қуандық Қанатовты марапатталды.
22.02.2019
-
Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Астана, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Кеңес әскерінің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.
22.02.2019
-
ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Молдавия елдерінің өкілдері өздерінің елдерінде пайдаланылатын баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Іс-шараға сондай-ақ Түркия елінен келген сарапшылар да қатысты.
22.02.2019
-
Беларусьте қазақстандық ҰОС батырының құрметіне жарыс өтті
Астана, BAQ.KZ. Беларусь Республикасының Волковыск қаласында 1944 жылғы шілдеде Белоруссияны босату кезінде қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті.
22.02.2019
-
Әлеуметтік жоба ұсынған маңғыстаулық жұмыссыз жастарға грант беріледі
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің жобаларды басқару бойынша топ жетекшісі Гүлмира Ескендірова мәлімдеді.
22.02.2019
-
Алматыда тағы бірнеше бағдардың автобустары жаңарды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы состав жаңарып, жаңа бағыттар ашылуда. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек №65 бағытты жаңарту үшін жеке тасымалдаушы сатып алған жаңа автобустарды көрді.
22.02.2019
-
Сенатор германиялық делегаттармен кездесті
Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева құрамына Зонтхофен қаласындағы учаскелік сот төрағасының бірінші орынбасары Кристиан Рох, жастар ісі жөніндегі мекеменің өкілі, әлеуметтік саланың қызметкері Керстин Бекманн енген Германия делегациясымен кездесті.
22.02.2019
-
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі
БҚО, BAQ.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа филиалының ашылуы салтанатында айтып өтті.
22.02.2019
-
Қарағандыда триатлон парк пен ипподром салынады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының жаңа орталығында триатлон парктің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының бас жоспарына ипподром салу жобасы енгізілген. Бұл жайлы аймақ басшысы xалықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.
22.02.2019
-
Теңгенің банкноттары мен монеталары тек мемлекеттік тілде жазылады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.
22.02.2019
-
Съезд қарсаңында. Бағдарлама халыққа жоғары дәрежеде өмір сүруге жағдай жасауға арналған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 27 ақпан күні Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі өтеді. Осыған орай Алматы қалалық Маслихаты «Нұр Отан» фракциясының депутаты, Әлеуметтік мәселелер және көлік инфрақұрылымы жөніндегі комиссияның төрағасы Роза Бадаевамен партияның жаңа бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі жоспар жөнінде сұқбаттасқан едік.
22.02.2019
-
Сенатта ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Астана, BAQ.KZ. Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің ұйымдастыруымен «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы және оны заңнамалық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.
22.02.2019
-
Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында "Темуридтер тарихы" мемлекеттік музейінде «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды.
22.02.2019
-
Съезд қарсаңында. Жаңа бағдарлама партияны басты қозғаушы күшке айналдырады
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты Аққали Әубекеров осылай дейді.
22.02.2019
-
Қарағандылық көпбалалы аналар облыс әкімінен үй сұрады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақ басшысының халыққа есеп беру кездесуінде қарағандылық аналар Ерлан Қошановтан баспана мәселесінің қашан шешілетінін сұрады.
22.02.2019