Жалпы жаңалықтар
-
ҚТЖ жаңа байланыс орталығын ашты
Астана, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы - «KTZ Express» АҚ клиенттері енді 8 (7172) 399-111 телефоны бойынша офиске келмей-ақ тасымалдау мерзімі мен көрсетілетін қызмет параметрлерін нақтылауға, тасымалдауды ұйымдастыру бойынша баламалы шешімдерді талқылауға, тарифті есептетуге тапсырыс қалдыруға және де кеңесуге мүмкіндік алды.
15.01.2019
-
Елбасы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
15.01.2019
-
Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет Маңғыстау облысында ауа райына қатысты дабылды ескерту жариялады.
15.01.2019
-
ЕАЭО шартына Қырғызстанның қосылуы туралы келісімге өзгеріс енгізіледі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат комитеті "ЕАЭО шартына Қырғыз Республикасының қосылуы туралы" шартқа өзгерістер енгізу мəселесін талқылады.
15.01.2019
-
Ай бетінде мақта өсе бастады
Астана, BAQ.KZ. Алғаш рет Айдың көлеңке жағына қонған Қытайдың планетааралық "Чаңэ-4" станциясы биологиялық экспериментті жүзеге асырды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеаранасы хабарлады.
15.01.2019
-
Алматыдағы Баум тоғайы енді ерекше қорғауға алынбайды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан үкіметі Алматыдағы Баум тоғайын ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тізімінен шығарып, Алматының мемлекеттік табиғи қорықтар қорына енгізді. Үкіметтің бұл туралы қаулысы электрондық үкімет порталында жарияланды.
15.01.2019
-
Қазақстан IRENA өкілеттіктерді тексеру комитеті құрамына сайланды
Астана, BAQ.KZ. 11-14 қаңтарда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабиде Тұрақты даму апталығы өтті. Оның аясында Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің ассамблеясы (IRENA) және Болашақ энергиясының дүниежүзілік саммиті (World Future Energy Summit) болды.
15.01.2019
-
Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогының иегерлері анықталды
Астана, BAQ.KZ. Қаңтардың 12-13 күндері Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан кубогы додасы өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
15.01.2019
-
Ақтөбе облысында бір жылда 300-ге жуық көше атауы өзгерді
Ақтөбе, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 292 көшеге атау беріліп, 87 көше қайта аталды. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы хабарлады.
15.01.2019
-
Алматыда су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан Есентай өзенінің арналарын бекіту жұмыстарымен танысты.
15.01.2019
-
Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирінің алғашқы айналымында сербиялық спортшымен кездесіп, жеңіліс тапты. Бұл туралы Аламан спорттық порталы жазды.
15.01.2019
-
Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну мерзімдерін 23 жұмыс күннен 8 жұмыс күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
15.01.2019
-
ДАИШ содырлары Нигерияның Ранн қаласын басып алды
Алматы, BAQ.KZ. Үкімет әскері мен ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған топ) содырлары арасында болған ұрыстан кейін қала содырлардың бақылауына өткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
15.01.2019
-
2018 жылы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7% болды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы еліміздің экономикалық және әлеуметтік секторындағы индикатор көрсеткіштерін ұсынды.
15.01.2019
-
Үй бағасы арзандамайды – сарапшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасы өсе береді, өйткені қазақтандықтар үшін оған балама ештеңе жоқ. Бұл туралы банктік нарық бойынша тәуелсіз сарапшы Бота Жұманова сұхбаттасу барысында айтты.
15.01.2019
-
Бізде деректану ғылымы кенжелеп қалған – Жолдасбеков
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елімізде деректану ғылымының кенжелеп қалғанын айтты.
15.01.2019
-
Балаева: Біздің міндетіміз – аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету
Астана, BAQ.KZ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комисия хатшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Ғ.Балаева қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударып жатқан аудармашы, редакторлармен кездесті.
15.01.2019
-
Қазақстан тарихы емес, Қазақ тарихы деген дұрыс - Сапар Ысқақ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазір мектепте оқылып жүрген Қазақстан тарихы оқулығын Қазақ тарихы деген атаумен қайта жазып шығу керек. Бұл ойды Астанада "Ұлы даланың жеті қыры" еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында саяхатшы, қоғам қайраткері Сапар Ысқақ білдірді.
15.01.2019
-
Елімізде биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды
Астана, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2018 жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын іске қосты. Бір ай ішінде деректер базасына тіркеліп, мәліметтерін қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жетті. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов мәлімдеді.
15.01.2019
-
ҚХР төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін – елші
Астана, BAQ.KZ. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне ҚХР-дың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо айтты.
15.01.2019