Жалпы жаңалықтар
-
Эксимбанкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді
Астана, BAQ.KZ. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.
17.01.2019
-
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы көші-қонды реттейтін заң қабылданды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.
«Бұл келісімге 2018 жылы наурызда Астана қаласында қол қойылды. Келісімді ратифик
17.01.2019
-
Елімізге Ресей мен Өзбекстаннан өсімдіктектес өнімдер заңсыз әкелінген
Астана, BAQ.KZ. Өсімдіктектес өнімдерді тасымалдаған 50 заңсыз әрекеттің жолы кесілді.
17.01.2019
-
Айдағы алғашқы өсімдік өспей қалды
Астана, BAQ.KZ. Алғаш рет Айдың көлеңке жағына қонған Қытайдың планетааралық "Чаңэ-4" станциясы жүзеге асырған биологиялық эксперимент – мақта ұрығы өспей қалды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Эксперимент үшін 6 түрлі өсімдіктің тұқымы таңдалып алынған болатын. Станцияда орнатылған фотоаппарттың көмегімен түсірілген суреттерде байқағандай, мақта өсімдігі алғашқы болып өне бастаған. Ғалымдар Lunar Micro Ecosystem шағын биосфера эксперименті ұзаққа созылады деп үміттенбегенін айтты. Өсімдіктің өлуіне Айдаға түн әсер еткен. Түнде Жердің табиғи серігіндегі температура Цельсий бойынша - 170 градусқа жетеді.
Мақтадан бөлек Айға картоп, рапс, майлы дақылдар ұрығы жеткізілді. Алайда олар өсіп шыққан жоқ.
Қытай ғарыш аппараты 2018 жылы 8 желтоқсанда ұшырылған болатын. Оның негізгі міндеті Айдың бұған дейін белгісіз болып келген бөлігін зерттеу. Сонымен қатар, Айға радиоастрономиялық байқау жүргізіп, Ай бетінің түзілу құрамын зерттемекші.
Бұдан бұрын, Айдағы радиацияның тірі жан иелері үшін әсер етуі жайлы америкалық астронавтар 1972 жылы "Аполлон-17" миссиясын іске асыру барысында анықтаған болатын.
17.01.2019
-
Қазақстан 12 трлн теңгеге мұнай өндірді
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы Қазақстан 12,4 трлн теңгеге шикі мұнай мен табиғи газ өндірді. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
2018 жылы Қазақстан 12,4 трлн теңгеге шикі мұнай мен табиғи газ өндірді. Бқл көрсеткіш 4,8% артқан.
Соның ішінде, 12,2 трлн теңгеге шикі мұнай өндірілсе, 202,7 млрд теңгеге табиғи газ өндірілген.
Сонымен қатар, 859,2 млрд теңгеге мұнай өнімдері шығарылған. Мұндай өсім 8,8% құрап отыр.
Заттай көріністе бір жыл ішінде шикі мұнай өндіру 77,5 млн тоннаны (өсім 6,3%), газ конденсатында 12,8 млн тоннаны (қысқару 3,1%), табиғи газда 55,5 млрд текше метрді (өсім 5%) құрады.
Мұнайды қайта өңдеуші зауыттар 2018 жылы 4 млн тонна бенизн (өсім 29,8%), 388,3 мың тонна керосин (өсім 29,4%), 4,6 млн тонна газойль (өсім 7,4%) және 2,9 млн тонна мазут (өсім 12,9%) шығарған.
17.01.2019
-
Грузия астанасында жарылыс болды
Алматы, BAQ.KZ. 16 қаңтар күні кешке қарай Тбилиси шетіндегі тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде төрт жасар бала да бар. Тағы сегіз адам жарақат алған. Бұл туралы "Sputnik Грузия" хабарлады.
Жарылыстың салдарынан өрт болып, үйдің маңы қираған. Жарылыстың қатты болғаны сондай, оның толқынынан көрші үйдің терезелері сынған. Екі үйдің тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген.
"Имеди" телеарнасының мәліметінше, табиғи газдың шығуы жарылысқа себеп болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күні бойы олар газ иісін сезген, алайда шақыртылған "Қазтрансгаз-Тбилиси" компаниясының қызметкерлері ешқандай олқылық таппаған.
Тбилисидің Төтенше жағдайлар бойынша қызмет басқармасының басшысы Андре Коджаидзе жарылыстан тұрғын үйдің алты қабаты бүлінгенін мәлімдеді.
Грузия ІІМ қайғылы жағдай бойынша тергеуді бастап кетті. Тергеу «Жобалау, құрылыс жасау және нысандарды электр, жылу, газбен қамтамасыз етуде ережені бұзу» бабы бойынша жүргізілуде. Полиция «Қазтрансгаз-Тбилиси» компаниясы қызметкерлерінен жауап алуда.
17.01.2019
-
Қазақстанда салық түсімдері 14,5% артты
Астана, Baq.kz. 2018 жылы Қазақстанның республикалық бюджетіне салық түсімдері шамамен 8,2 трлн теңгені құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды.
2017 жылдың балама көрсеткішімен салыстырғанда (7,1 трлн теңге) төленген салық көлемі 14,5% артты.
Көрсетілген мерзім ішінде Алматы – 1,9 трлн теңге, Атырау облысы – 1,4 трлн теңге, Астана – 1,1 трлн теңге салық төлеген.
Маңғыстау облысы – 417,4 млрд теңге, Қарағанды облысы - 416 млрд теңге, Алматы облысы - 386,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 360,6 млрд теңге, БҚО – 303,6 млрд теңге, ШҚО – 303,2 млрд теңге, Павлодар облысы – 283,7 млрд теңге бюджетке міндетті төлем жасаған.
Айта кету керек, бір жыл ішінде Түркістан облысы – 249,4 млрд теңге, Қостанай облысы – 164,1 млрд теңге, Ақмола облысы – 158,7 млрд теңге, Қызылорда облысы – 135,8 млрд теңге, Жамбыл облысы – 85,8 млрд теңге, СҚО – 78,6 млрд теңге, Шымкент (2018 жылдығ қыркүйек-желтоқсан айларында) – 62,8 млрд теңге салық төлеген.
17.01.2019
-
Оңтүстік өңірлерде өзен суы деңгейінен көтерілуі мүмкін
Астана, BAQ.KZ. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты оңтүстік өңірлерде қар еруі мен өзен деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп ескертеді «Қазгидромет» РМК.
17-19 қаңтар аралығында ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Алматы облысында қар еруі және ағынды судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзен су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
18-19 қаңтар аралығында жауын-шашынның түсуі болжамына (19 қаңтар қатты) және ауа температурасының жоғарылауы болжамына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінде мұз құбылыстарының әлсіреуі, өзен арнасының ысылу және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
17.01.2019
-
ҚМДБ мешіт салудың арнайы ережесін бекітті
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте мәлімдеді, деп жазады muftyat.kz.
ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі бекіткен құжат «Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі» деп аталады.
Бұдан былай мешіт ғимараты жергілікті жамағаттың санына орай 3 деңгейде салынады: ауылдық (сыйымдылығы 70-500 адам), аудандық (сыйымдылығы 500-1500 адам), облыстық, қалалық (сыйымдылығы 1000-5000 адам).
Құжатқа сәйкес, болашақта жаңадан салынатын мешіттің құрылысы заманауи талапқа сай жүргізілуі тиіс. Демек, Алла үйін тұрғызуға шешім қабылдаған адам ғимараттың көрікті болуына көңіл бөлуі шарт. Мешіт салуда заманауи озық үлгілерді, Исламның және жергілікті сәулет өнерін пайдалану міндетті. Мешіттің мұнарасы, күмбезі және ішкі-сыртқы безендірілуі жергілікті дәстүрге сай болуы тиіс.
Бұған қоса мешіт ауласына автотұрақ, саябақ, т.б. қажетті нысандар тұрғызылмақ. Мешіт құрылысына сапалы және ұзақ мерзімге жарайтын материалдарды пайдалану талап етіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында арнайы құрылғылар да орнатылады.
2018 жылы еліміз бойынша 38 мешіт пайдалануға берілді. Бүгінде республика бойынша 2 626 мешіт халыққа қызмет етуде.
17.01.2019
-
Криштиану Роналду қырғызстандық сырқат қызға барды
Астана, BAQ.KZ. «Ювентус» футболшысы Криштиану Роналду және оның жұбайы Джоржина Родригес, сонымен қатар португалиялықтың клубта бірге ойнайтын әріптестері Паоло Дибала мен Хуан Куадрадо Италияның Турин қаласындағы онкологиялық орталықта ем қабылдап жатқан қырғызстандық сырқат қыздың халін сұрап барды.
17.01.2019
-
Бүгін төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
17.01.2019
-
17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын- шашын түседі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
17.01.2019
-
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады – Қазгидромет
Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатындығын ескертті.
17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін к
16.01.2019
-
Жұмыссыз жүрген астаналықтарға көмек көрсетілуде
Астана, BAQ.KZ. 2018 жылы жұмыспен қамту мәселесіне қатысты қалалық жұмыспен қамту орталығының көмегіне 21 мыңға тарта адам жүгінді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
16.01.2019
-
Алматы облысында «Жастардың жол картасы» әзірленуде
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында «Жастардың жол картасы» әзірленіп жатыр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
16.01.2019
-
Ақтөбелік дәрігерлер былтыр ішкі органдарды ауыстыру бойынша тоғыз ота жасады
Астана, BAQ.KZ. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының алқасы өтіп, 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды және алдағы жылдың жоспары белгіленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16.01.2019
-
«Нұр Отан» партиясы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. Астанадағы «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасына барған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсететінін айтты. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
16.01.2019
-
Қарағанды облысында 70 отбасы қоныс тойын тойлады
Астана, BAQ.KZ. Шет ауданы Ағадыр кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 70 пәтерлік бес қабатты үй қолданысқа берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
16.01.2019
-
Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы КР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16.01.2019
-
ШҚО-да жылжымалы кітапхана жұмыс істейді
Астана, BAQ.KZ. Көкпекті ауданында жылжымалы кітапхана жұмыс істейді. Бұл оқырмандардың қазақ және әлем әдебиеті классиктерінің туындыларына деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Енді көкпектілік кітапханашылар әр үйді аралап, соғыс ардаг
16.01.2019