Жалпы жаңалықтар
-
СІМ мен АШМ инвестициялар мен экспорт жұмыстарын нығайтуда
Астана, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды ынталандыру және экономиканың агроөнеркәсіптік секторына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Бұл туралы СІМ б
17.01.2019
-
Оразкүл Асанғазы: Жиналыстарың – орысша, қағаздарың – орысша
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы елімізде қазақ тілі мәселесі əлі де өзекті екенін айтты.
17.01.2019
-
Маңғыстау облысында дабылды ескерту жарияланды
Астана, BAQ.KZ. Синоптиктер Маңғыстау облысы бойынша дабылды ескерту жариялады.
«17 қаңтардың сағат 21-ден 18 қаңтар сағат 21-ге дейінгі аралықтаМаңғыстау облысы бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік батыстан желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз солтүстік батыстан желдің күшеюі 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
17.01.2019
-
Көкшетауда жарық бағасы арзандады
Көкшетау.Baq.kz тілшісі. Елбасының тапсырмасына орай Көкшетауда жарық бағасы арзандады. Бұған дейін көкшетаулықтар электр энаргиясына 15 теңге 46 тиын төлеп келген болса, жаңа тариф бойынша 14 теңге 99 тиын төлейтін болады.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жетекшісінің орынбасары Әсет Құрашевтің айтуынша, өңір басшысының өкімімен 2018 жылдың 23 қарашасынан бастап тарифтерді төмендету бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтады.
«Энергия тасымалдаушы «Көкше Энерго Центр» ЖШС жарық төлемін арзандатты. Тұрғындар 1 кВтч үшін 15,46 теңгеден 14,99 теңгеге арзан төлейді» - дейді Ә.Құрашев.
«Көкше Энерго» ЖШС өңірдегі үш аудан мен Көкшетау қаласын және Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданын жарықпен қамтып отыр. Электр желілерінің орташа қашықтығы 16,55 мың шақырым. 163000 тұтынушы қызмет көрсетіледі.
«Ветер Инвест Кокшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр селосында жел электр станциясын салуда. Жаңа жоба селоны толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы екенін айтады мамандар.
Өңірдегі АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылары 7,8 пайызға арзан төлесе, тұрғындар 1 кВтч үшін 16,02 теңге төлейтін болады. Степногорлықтар үшін энергия тарифі 13,44 теңгеден 11,96 теңгеге арзандайды.
«Өңірде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер табысты жүзеге асырылуда. Жалпы, қысқа мерзім ішінде департамент өкілдері өңір тұрғындары үшін коммуналдық төлемдерді 2,5 миллиард теңгеге арзандатуға қол жеткізіп отыр. Осы ретте, тарифтердің төмендеуі көрсетілетін қызмет сапасына кері әсерін тигізбеуі тиіс», - дейді Әсет Құрашев.
Әсем Ұланқызы
17.01.2019
-
Петропавл көшелерін су басты
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Көше бұзақылары Петропавл тұрғындарын әуреге салды. Белгісіз біреулер Жамбыл және Порфирев көшелерінің қиылысында орналасқан жылу құбырының кранын ашып кеткен. Салдарынан аталған аумақ шалшыққа айналды.
Ашық қалған краннан бірнеше сағат бойы ыстық су аққан. Көше буға, жол суға толған. Жайсыздықты аңғарған тұрғындар апаттық қызметке хабарласқан.
«Жұмыстан келе жатсам, көше буға айналған. Не болып жатқанын түсінбей қалдым Жақындап келіп қарасам, ыстық су ағып жатыр. Бірден апаттық қызметке хабарладым. Шақыртуға келген мамандар кранды біреулер ашып кеткенін айтты. Көшедегі кранды ашып кеткендердің әрекетіне таң қаламын. Осыдан не ұтты екен? Екіншіден, кранды кез келген адам ашып кетпейтіндей етіп жасау керек қой», - дейді Петропавл қаласының Тұрғыны Еркегүл Есмағұлова.
Аққан суды тоқтатып, туындаған жайсызжықтың салдарын жою үшін мамандар 6 сағат бойы жұмыс істеді. 8 адам мен 6 техника жұмылдырылды.
«Мамандар шақыртуға дер кезінде жетті. Күннің суығында біраз қиналғандары рас. Алаңдауға еш негіз жоқ. Олқылық жойылды. Ешкімнің ыстық суға күйіп қалмағаны қуантады», - дейді Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы Ермек Рақымжанов.
Қазір апаттық жағдайдың туындау себебі анықталуда.
Эльмира Кәленова
Фото автор
17.01.2019
-
ҚР Қаржы министрлігінде екі комитет басшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеттің төрағасы қызметіне, Ербол Шырақбайұлы Қарашүкеев — ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.
Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары коммерциялық секторда, "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК, "ҚазАгро "Ұлттық холдингі" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді,оның ішінде "Ақпараттық есептеу орталығы" РМК басқарды. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Амангелді Газ"ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты бітірген. Статистика агенттігінде, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, Қаржы министрлігінде, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы" РМК-да, "Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ-да және т.б. қызметтер атқарды.
2016 жылдан бастап, тағайындалғанға дейін - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді.
17.01.2019
-
Өскеменде әйгілі шебер Жолаушы Тұрдығұловпен кездесу өтті
Өскемен, BAQ.KZ. Бүгін Өскемендегі Орталық қалалық кітапханада ұлттық саз аспаптарын жасаудың хас шебері, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлымен кездесу өтті.
17.01.2019
-
Алматыда тікұшақ құлап, пилот қаза тапты
Астана, BAQ.KZ. Алматыда "Алатау" санаториясы аумағында жеке тікұшақ құлады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
"17 қаңтардда сағат 16:05 Алматы қаласы Наурызбай ауданы Тау самалы шағын ауданындағы "Алатау" санаториясының ашық аумағында "Sky Service" әуекомпаниясының Еврокоптер-130 маркілі жеке тікұшағы құлады. Бортта 1968 жылы туған пилот болған. Ол жедел жәрдем машинасында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы өзені бағытында ұшып келе жатқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы апат бойынша тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
"Sky-service" компаниясының "Еврокоптер-130" тікұшағы (UP-EC038 борт нөмірлі) Боралдай әуежайынан ұшып, "Үлкен Алматы" айналасында қонғанға дейін апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортындағы пилот-командир Шитов Валентин Викторовичті тапқанда тірі болған. Ол жедел жәрдем машинасымен ауруханаға бара жатқан кезде жол үстінде қайтыс болды. ҚР ИИМ мен көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастап кетті" , - деді Азаматтық авиация комитеті
17.01.2019
-
ҚР СІМ хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
17.01.2019
-
Тиынға төмендеген тарифтер
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың қараша айында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елдегі тарифтерді төмендету бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл мәселе үкіметтің кезекті отырыстары мен ел өңірлеріндегі жергілікті атқарушы биліктің жиын-кеңестерінде қызу талқыланып, оны жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданды.
17.01.2019
-
Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі
Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, бұл бағыт Елбасымыз жариялаған Жастар жылы аясында жүзеге асырылып, жүздеген жас ақтөбеліктерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қазіргі уақытта жастар үшін өзекті мәселелердің бірі - өз баспанасының болмауы болып тұр. Осыған байланысты Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасына сай, Ақтөбе қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бағытты іске асыруға кірісті», - деді Нұрлан Күнтуов.
Аталмыш бірегей бағдарламаға 29 жасқа
дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады. Олар ауданы 40-50 шаршы метр болатын 1
бөлмелі пәтерлерге үміткер бола алады, бұл ретте тұрғын үй алаңы үшін бастапқы
жарна көлемі орташа есеппен 350 мың теңгені, ал ай сайынғы төлем 35 мың теңгені
құрайды.
17.01.2019
-
Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Алматыдағы ауданаралық қылмыстық сотта Денис Теннің өліміне қатысты іс мәресіне жетті. Соттың үкімімен айыпталушылар 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Соттың айыптау үкімімен Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде қамау талап етілді.
Ал, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімі айтылып, оны да қауіпсіздігі жоғары мекемеге қамауды талап етті.
Сондай-ақ, Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовқа 30 АЕК көлемінде, Ж. Толыбаеваға 20 АЕК көлемінде қаржылай айып өндіруге міндеттелді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 19 шілдесі күні мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Көп ұзамай сотталушы Нұралы Қиясов, Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева қамауға алынған еді.
Әділет МҰСАХАЕВ
17.01.2019
-
Мемлекеттік қызметшілердің іс-сапар құжаттарын тапсыру жеңілдетілді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері іссапарда болғаны тек жол жүру билетін немесе отырғызу талонын тапсыру арқылы растай алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қ
17.01.2019
-
Еліміздің үш өңірінде жел күшейеді
Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері республиканың бірнеше аймағында желдің екпіні күшейіп, бұрқасын болады деп болжайды «Қазгидромет» РМК мамандары.
18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында 18 қаңтарда көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ 18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.
18 қаңтарда Түркістан облысының тұман, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, күннің екінші жартысында екпіні 25 м/с желдің күшеюі мүмкін.
Түркістан аласында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
17.01.2019
-
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті
Астана, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
«Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызынан бері басқарып келген еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі - Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты» делінген федерацияның Инстаграм парақшасында жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.
17.01.2019
-
Қарағандыда қатты қаптамасы бар дәрілер өндірісі іске қосылды
Астана, BAQ.KZ. Қарағандылық фармацевттер жаңа теxнологиялар енгізді. «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік xолдингі елімізде алғашқылардың бірі болып қатты қабығы бар дәрілер өндірісін іске қосты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
«2016 жылы қарағандылық ғалымдар аталмыш жобамен байқауды жеңіп, нәтижесінде Ғылым қорымен 100 млн теңге бөлінді. Препаратты бірден «Арглабин нативный» жұмыс атауымен тіркеді. Қазіргі таңда ол клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Дегенмен қазірдің өзінде аталмыш иммунтүрлендіруші шет елдік баламаларынан кем түспейді деп айтуға болады. Бұған қоса оның өзіндік артықшылығы бар – оның құны импорттық дәрілерден анағұрлым арзанырақ», – деді «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин.
«Фитохимия» ХҒӨХ бас директоры Серғазы Әдекеновтың айтуынша, таныстыруға келген израилдік фармацевтер мен бизнесмендер қарағандылықтармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда. Келешекте олар осында дәрілік субстанция алып келіп, қатты қаптамамен қаптап, Қазақстанда тіркейді және xалықаралық нарыққа жылжытады.
Қатты қаптамадағы дәрілер ішуге ыңғайлы, себебі дәрмектің ащы дәмі сезілмейді. Сонымен қатар бағытты әсер етуінің арқасында дәрінің тиімділігі артады.
«Бүгінгі таңда Қарағандыда 17 кәсіпорынды біріктіретін фармацевтикалық кластер сәтті жұмыс істеуде. Кластердің ең басты өлшемшарттарының бірі инновациялық теxнологияларды енгізу болып табылады», – деп атап өтті Серғазы Әдекенов.
«Ғылым қоры» АҚ «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ бірлесіп «Тұпнұсқалы иммунтүрлендіруші дәрмекті өндіруді және жаңа сынақ препараттарын шығаруды ұйымдастыру» атты гранттық инновациялық жобаны жүзеге асыруда.
17.01.2019
-
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті
Астана, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеңесінің отырысы өткізілді. Онда сержанттар құрамының ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізіліп, сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар қойылды.
Қорғаныс министрлігінің баспа
17.01.2019
-
Жұмыссыздар сұранысқа ие мамандықтарды игеруде
Астана, BAQ.KZ. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Астананың жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу курстарымен 733 адамды қамтыды, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Курстар мобильдік қосымшаларды әзірлеуші, киберқауіпсіздік саласындағы маманы, анимация және видеографика, тігінші, дәнекерлеуші, кран машинисі (краншы), мастер-шаштараз, тігінші, электромонтер, лифтер, бақылаушы-кассир, наубайшы, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, әкімші, слесарь-сантехник, аспаз, сауда менеджері, маникюр шебері, массажист, кондитер, автоэлектрик, слесарь КИПиА, "Д" санатты жүргізуші, әлсіз ток жүйелерінің шебері, автокөлікті жөндеуші слесарь сияқты мамандықтар бойынша ұйымдастырылды.
«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға қыркүйек айында 1050 адам түсті. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК-ге дейін 77 мемлекеттік грант берілген», - деп мәлімдеді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде.
Басқарманың мәліметіне қарағанда, биылғы Жастар жылы аясында жастарды жұмысқа орналастыруға жоғары көңіл бөлінеді. Жастар үшін мамандықтар жәрмеңкелері өткізіліп, оларға жастар тәжірибесінен өту жолдамасы, мамандық бойынша нақты бағыт берілетін болады.
17.01.2019
-
Таразда «SmartСот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр
Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты істерді электрондық форматта қарау практикасына жоспарлы түрде көшуде.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше смартфонда жүктелген «TrueConf» ұялы қосымшасы арқылы скайп-камералармен онлайн түрде қосылудың мүмкіндіктері кеңеюде.
2018 жылы облыстың соттарына 7 242 әкімшілік іс жіберіліп, оның ішінде 383 азаматтық және 348 әкімшілік іс бойынша «TrueConf» қосымшасының мүмкіндіктері пайдаланылған.
Сонымен қатар істерді электрондық форматта қарау бюджеттік қаражаттарды едәуір үнемдеп, ведомстволық мұрағаттардың жүктемесін айтарлықтай азайтатынын көрсетіп отыр.
Осылайша, «SmartСот» жаңа ақпараттық технологияны қолдану жолымен сот талқылауын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
17.01.2019
-
Алматы облысында жас мамандарға 109 үй салынуда
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында жас мамандарға 109 тұрғын үй салынуда. Соның ішінде 20 үй салынып бітіп, пайдалануға берілген. Ал 89 үй биылғы жылы салынады. Салынған үйдің құрылыс сапасымен облыс әкімі Амандық Баталов ауданға жасаған сапары барысында танысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан тұрғындары Мемлекет басшысының шешімімен шекаралық аймаққа ерекше көңіл бөлініп, Нарынқол жаңа ауданның орталығы болғанына және мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға деген қуаныштарын жасырмады. Жұмыс нәтижелері бір жылға жуық уақыттың ішінде көріне бастады. Жолдар жөнделді, жарықтандыру жүргізілді, тұрғын үйлер салынды, балалар алаңдары мен спорттық алаңдар пайда болды, ең бастысы ауданға жастар орала бастады.
Елбасының Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту ең маңызды мәселелер қатарында. 20 жалға берілетін үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн теңге бөлініп, үйлер пайдалануға берілген.
Өңір басшысы алдымен өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін аралап көрді. Мұнда полиция қызметкерінің жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.
Алматы облысында өткен жылы осындай тұрғын үймен біріктірілген 167 УПП салынған болатын. Сондай-ақ Амандық Баталов берілетін 89 үйдің ішінен полиция қызметкерлеріне де үй беруді қарастыру керектігін атап өтті. Сол сияқты Нарынқол шекара завставасының да қызметімен танысты.
«Жалпы ауданда жұмыс жақсы жүріп жатыр. Әлі де атқарылатын іс көп. Мемлекет қолдауының арқасында біздің мүмкіншіліктеріміз мол, барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Қолға алынып жатқан жобалардың сапасы бірінші кезекте талап етілетін болады», - деді Амандық Баталов.
17.01.2019