Жалпы жаңалықтар
-
Трамп 800 мың қызметкердің жалақысын төлеу үшін АҚШ делегациясын Давосқа жібермеді
Астана, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп бюджеттік дағдарысқа байланысты Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға (ДЭФ) америкалық делегацияның жібермеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс таратқан хабарламада айтылған.
18.01.2019
-
Астана әкімдігі маңдайшасындағы жазбасын ауыстырды
Астана, BAQ.KZ. Елорда қалалық әкімдігінің ғимаратындағы маңдайша жазбасы латын графикасына ауыстырылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева айтты.
18.01.2019
-
Павлодарлық кардиохирургтар Екібастұз қаласы тұрғынының жүрегіне «жамау» салды
Астана, BAQ.KZ. Облыстық кардиоорталықта Екібастұз қаласы тұрғынының өмірін сақтау бойынша сирек кездесетін ота жасалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
18.01.2019
-
Cәкен Ділдахмет: Браконьерлерді бас бостандығынан айыру керек
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2015 жыл қазақ даласындағы киіктердің қырылуымен есте қалса, 2019 жылдың басы киіктерді қорғамақ болған инспектордың браконьерлер қолынан қаза табуымен есте қалып отыр. Жабайы аңдарды жөнді-жөнсіз атып жүргендер кімдер? Үш жыл бұрын үштен екі бөлігі қырылып қалған киіктердің саны қазіргі уақытта қаншаға жетті? Киелі жануарды қанша инспектор қорғайды және олардың жалақылары қандай? Аңшылық пен браконьерліктің егіз ұғым болып кетуіне не себеп? Тілші осы және басқа да жануарлар әлеміне қатысты сұрақтар төңірегінде ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметпен әңгімелесті.
18.01.2019
-
Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері заңсыз сайланған – Ұлттық бюро
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ғылым комитетінің жұмысынан заңды бұзу деректерін анықталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.
18.01.2019
-
Павлодарда «Сіз латын қарпін білесіз бе?» акциясы өтті
Астана, BAQ.KZ. Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен тұрғындар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында «Сіз латын қарпін білесіз бе?» акциясы өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
18.01.2019
-
Таразда бір топ пәтер ұрылары ұсталды
Тараз, BAQ.KZ. Тараз қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен үш адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
18.01.2019
-
Марқұм Ерлан Нұрғалиевтің отбасына АШМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды
Астана, BAQ.KZ. Браконьерлер қолынан қаза тапқан табиғат сақшысы Ерлан Нұрғалиевтің отбасына Ауылшаруашылығы министрлігінің барлық қызметкері бір күндік жалақысын берді.
18.01.2019
-
2018 жылы жедел жәрдем қызметі шақырған науқастарға 7,2 млн рет барған
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы жедел медициналық жәрдем қызметі науқастардың 7 255 000 шақыртуына барған. Бұл туралы республикалық санитарлы авиация орталығы хабарлады.
18.01.2019
-
30 мың оқушы ақылы ҰБТ-ға қатысып жатыр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҰБТ-ның бірінші күні 9 мың бала тест тапсырып жатыр. Қаңтардағы ҰБТ үш күнге жалғасады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді.
"Бүгін ҰБТ-ға 9 мың бала қатысып жатыр. Жалпы қаңтардағы тестілеуге 36 мыңнан астам адам қатысады. Ол
18.01.2019
-
Жамбылда 39 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді
Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында өткен жылы барлығы 39 нысан пайдалануға берілді. Бұл жөнінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді.
18.01.2019
-
Жұмыспен қамту орталығы желіде қызмет көрсетеді
Астана, BAQ.KZ. Елорданың Жұмыспен қамту орталығында қызметтерді қашықтықтан көрсететін пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
18.01.2019
-
Магистранттар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі пікірсайысқа қатысты
Астана, BAQ.KZ. Нью-Йоркте Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының магистранттары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстан жұмысының қорытындысы бойынша пікірсайысқа қатысты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
18.01.2019
-
Атырауда отбасы және татуластыру орталықтары ашылды
Астана, BAQ.KZ. Атырау облыстық сотының бастамасымен Атырау қаласындағы Достық үйі ғимаратында «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
18.01.2019
-
Елімізде ҰБТ басталды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды. Тестілеуге қатысуға 36 мыңға жуық адам өтініш берген. Қаңтардағы ҰБТ нәтижесі білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға жарамсыз. Тестілеу құны - 2242 теңге.
18.01.2019
-
Павлодарда заңсыз жүрген 79 шет ел азаматы анықталды
Астана, BAQ.KZ. Шетел азаматтарының елімізге келу ережесін бұзуын анықтау және жолын кесу, заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету мақсатында Павлодарда 16-20 қаңтар аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп жазады Рavlodarnews.kz
18.01.2019
-
Полицейлер Астанадағы "қауіпті" дәмханалардың тізімін жариялады
Астана, BAQ.KZ. Елордаданың полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзу оқиғаларына қатысты жүргізілген мониторингтің нәтижесін жариялады.
18.01.2019
-
Ресми: «Канело» 4 мамырда Джейкобспен жұдырықтасады
Астана, BAQ.KZ. Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де ла Хойя мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкоб арасындағы жекпе-жек өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Prosport.kz.
18.01.2019
-
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінен орыс тіліне қаупі жоқ – Лавров
Астана, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның латын графикасына көшу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
18.01.2019
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
18.01.2019