Жалпы жаңалықтар
-
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Жеке деректерді жоюға 15 күн беріледі: Қазақстандықтар нені білуі керек?
Елімізде жаңадан енгізілген Цифрлық кодексте жеке деректерді жоюдың мерзімі мен тәртібі нақты бекітілді. Енді сервистердің иелері пайдаланушының өтінішінен кейін 15 күннің ішінде ақпаратты жоюға немесе өңдеуді тоқтатуға міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
"Ұлттық қор – балаларға": Әр балаға қанша теңге аударылатыны белгілі болды
2026 жылы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша әр балаға шамамен 130 доллар аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Қазақстанда жеке деректерге жүгінуді бақылау жүйесі енгізіледі
Қазақстанда жаңадан қабылданған Цифрлық кодексте "азаматтың цифрлық кеңістігі" деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл кеңістікте жеке деректерге жасалған барлық жүгінулер туралы ақпарат тіркеліп отырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Ипотеканы қазір алмау керек – Ұлттық банк төрағасы
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жоғары базалық мөлшерлеме кезеңінде ипотекалық несие алуға асықпаған жөн екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Министрлік "Күнделік" қосымшасынан деректердің таралу жағдайын түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун "Күнделік" жүйесінен балалардың деректерінің таралуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Вице-президент, Халық кеңесі, Құрылтай: Қазақстанды не күтіп тұр?
Қазақстанда басқару жүйесін түбегейлі өзгертетін жаңа саяси реформалар кезеңі басталды. Вице-президент институтын енгізу, Халық кеңесін құру және Парламентті Құрылтай ретінде жаңғырту – бұл жекелеген бастамалар емес, мемлекетті басқарудың тұтас философиясын қайта құруға бағытталған қадам. Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы BAQ.KZ тілшісіне осы өзгерістердің мәні, мақсаты және ел болашағына ықпалы туралы айтып берді.
23.01.2026
-
Алғашқы жинаққа үй алу керек – Банк басшысы кеңес берді
“Ақ жол арулары” республикалық форумында "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Ләззат Ибрагимова қаржы сауаты кезең-кезеңімен қалыптасатынын айтып, алғашқы активті үйге салуға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Кибершабуыл күшейді: Қазақстанда азаматтардың деректері қалай қорғалады?
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун азаматтардың жеке деректерінің таралып кету қаупіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Цифрлық кодекс қазақстандықтар үшін нені өзгертеді?
Мемлекет басшысы 9 қаңтарда Цифрлық кодекске қол қойды. Құжат жеті бөлімнен тұрады және цифрлық ортаны реттеудің бірыңғай ережелерін белгілейді. Бұл ережелер цифрлық ортадағы субъектілер мен объектілер арасындағы қатынастарды да қамтиды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, Кодекс адамға бағдарланған сипатқа ие және ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Халықаралық журналист Қазақстандағы реформаларға баға берді
Қытайдың Астанадағы «Жэньминь жибао» газеті филиалының жетекшісі Ли Цян Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жариялаған реформалар пакеті Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және институционалдық тұрақтылықты күшейтуге бағытталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
"Өтінемін, керек емес": Оралда оқушыға жасалған қорлыққа полиция пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде Орал қаласында мектеп оқушысының ұрып-соғылғаны бейнеленген видео тарады. Мәліметтерге сәйкес, бейнежазба өткен жылдың қазан айында түсірілген және марқұмның туыстарының айтуынша, онда №17 мектеп оқушысына жасалған кезекті қорлық көрініс тапқан. Сондай-ақ, оқиға сәтін шабуыл жасағандардың өздері түсіргені атап өтіледі.
23.01.2026
-
Айыппұлдар салынбайды: 2026 жыл шағын бизнес үшін өтпелі кезең болады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр
“Ақ жол” демократиялық партиясы ресми түрде әйелдер қанатын ашып, “Ақ жол арулары” республикалық форумын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Базалық мөлшерлеме 18 пайыз деңгейінде қалды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Серік Сәпиев өз орынбасарымен төбелесіп қалды
Әлеуметтік желіде Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Райымбек Баталов отставкаға кетіп, орнына Шарлапаев келді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII Съезінде жаңа президиум төрағасын сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Бизнес жаппай жабылады деген қауіп рас па? – Бектенов жауап берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің халыққа Жолдауында және Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттері аясында Электронды қаржы орталығының (ЭҚО) цифрлық инфрақұрылымымен және халық пен бизнеске салық реформасы туралы жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.01.2026
-
Астаналық оқушылар түстен кейін де мектепке бармайтын болды
Астана қаласы Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші маусымда оқитын балалардың сабағын онлайнға ауыстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026
-
Заң бұзған жекеменшік мектептер жабылады – министр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова талапқа сай жекеменшік мектептер жұмысын жалғастыратынын, ал заң бұзғандар жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.01.2026