Жалпы жаңалықтар
-
Дана Нұржігіт жыныстық азғындыққа байланысты маңызды мәселе көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Дана Нұржігіт елдегі жыныстық сипаттағы азғындықтың азаймай отырғанын айтып, Бас прокуратураға сауал жолдады.
24.09.2020
-
Қырғызстан ЕАЭО аясында өткізу пунктерін модернизациялау мерзімін ұзартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында өткізу пунктерін модернизациялау мерзімдерін ұзартады. Бұл туралы Сенат отырысында белгілі болды.
24.09.2020
-
238 мың жұмыс орны қай салаларда құрылды? Нұрымбетов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру туралы» өткен Үкімет сағаты өтті.
24.09.2020
-
Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды.
24.09.2020
-
«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауарлар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.
24.09.2020
-
Депутат: Еңбек министрлігінің негізгі міндеті – халықтың еңбек етуіне жағдай жасау
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов еңбек басшысына тілегін айтып, сауал жолдады.
24.09.2020
-
Жамбыл облысында әскерилер «танк каруселін» іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» полигонында «Алдаспан-2020» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.
24.09.2020
-
Абай-175: Вильнюсте ақын атындағы оқу залы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вильнюс округінің, Адам Мицкевич атындағы Қоғамдық кітапханасының ғимаратында қазақтың ұлы ағартушысының 175 жылдығына орай Абай Құнанбайұлы атындағы «Абай жинағы» оқу залының салтанатты ашылуы өтті.
24.09.2020
-
Құс тұмауы: Қостанай облысында карантин енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды.
24.09.2020
-
Карантин қайта енгізілсе, жұмыссыздарға берілетін төлем артуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте онлайн өткен үкімет сағаты кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады.
24.09.2020
-
Вице-министр Қарағанды облысындағы медициналық мекемелерді аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды аралады. Атап айтқанда, коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын тексерді.
24.09.2020
-
Тұмауға қарсы екпеге немқұрайлы қарайтындар бар – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 14 қыркүйекте республикалық вакцинация науқаны басталғаны белгілі. Науқанның алғашқы күнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзі бастап екпе салдырған еді.
24.09.2020
-
Атырау облысы оқушылары қашықтан оқу құралдарымен толық қамтылды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысы басшылары оқушыларға арнап алынған жаңа компьютерлік құралдарды қалалық білім бөлімі және облысқа қарасты аудан басшыларына салтанатты түрде табыс етті.
24.09.2020
-
America's Got Talent: Данэлия Төлешова жеңіліс тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуында америкалық әнші Эйва Макспен бірге өнер көрсетті.
24.09.2020
-
Bank RBK-ден 144 млрд жымқырған Жомарт Ертаев 11 жылға сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыптаушы тарап экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
24.09.2020
-
«Үздік педагог» атағын беру бойынша республикалық комиссия жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы конкурстың республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейін және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.
24.09.2020
-
Атырауда хан сарайындай оқушылар орталығы бар
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда 4 қабатты жаңа оқушылар орталығы сақадай сай тұр. «Абай орталығы» деп аталған. Жастар мен оқушыларға арналған әсем ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталып, биылғы наурыз айында аяқталған.
24.09.2020
-
Коронавирустық пнемониядан 1 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 24 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
24.09.2020
-
Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр.
24.09.2020
-
2020 жылы прокатта көп қаражат жинаған фильм анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың ең кассалық фильмі - «Сегіз жүз» қытайлық картинасы атанды. Бұл туралы comic Book порталы хабарлады.
24.09.2020