Жалпы жаңалықтар
-
Амстердам орталығы қауіпті аймақ деп жарияланды
Амстердам билігі Сириядағы жағдайға байланысты өтуі мүмкін наразылық акциялары қаупіне орай Орталық вокзал маңы мен Дам алаңы айналасындағы аудандарды "қауіптілігі жоғары аймақ" ретінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ NL Times порталына сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Ақтөбеде 155 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны жойылды
2025 жылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтөбе облысының аумағында 155 рұқсат етілмеген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Қазақстанда шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді
Елімізде шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді. Елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы саладағы жетістіктер мен былтыратқарған жұмыстары, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық қызметтері туралы орталықтың басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында баяндап берді.
24.01.2026
-
Қазақстанның СПЕКА елдеріне экспорты 15%-ға артты
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) экономикалық форумының ашылуына, сондай-ақ 2026 жылғы 20-23 қаңтар аралығында Ашхабад қаласында (Түркіменстан) өткен СПЕКА Басқарушы кеңесінің 20-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Пәкістанда жарылыс болып, 5 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясына қарасты Дера-Исмаил-Хан округінде болған жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы он шақтысы жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ The Express Tribune басылымына сілтеме жасап.
24.01.2026
-
3 жылдан аса Барселонада жасырынған күдікті Қазақстанға қайтарылды
Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасауда күдікке ілінген тұлға Испаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Парламент – елдің кадрлық корпусы болуы керек - қырғыз сарапшысы
Қазақстан Президенті биліктің барлық дерлік тармақтарын қамтитын ауқымды конституциялық реформалар жариялады. Ең негізгі өзгерістердің бірі – жаңартылған бір палаталы парламент құру. Ол мемлекеттік саясатты айқындайтын дербес орталыққа айналуға тиіс. Осы өзгерістердің мәнін ашып, олардың мемлекеттік билік жүйесіне ықпалын түсіндіру үшін BAQ.KZ тілшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қырғызстан Жогорку Кенешінің бұрынғы спикері Зайнидин Курмановпен сұхбаттасты.
24.01.2026
-
Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын $500 млн-ға арттырады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
24 қаңтарға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің сатып алу-сату бойынша орташа өлшенген бағамдары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Түркияда қуатты жер сілкінісі болды
Түркияның Балыкесир провинциясында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 334 бала дүниеге келді
2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 174 квота бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 64 квотаға артық. Бағдарлама іске асырылған төрт жыл ішінде өңірде 334 сәби өмірге келді, оның 32-сі – егіз, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады
Бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Түркістанда 8 айлық сәбидің ішінен ине табылды
Түркістан қалалық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне қызылшаға күдікпен 8 айлық сәби жеткізілді. Дәріерлер сәбидің ішінен ине тапқан. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Пентагон: АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейді
АҚШ Иранның ядролық қару алуына жол бермейді. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық қорғаныс стратегиясының жаңартылған нұсқасында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
24.01.2026
-
TikTok АҚШ-та жаңа келісімге қол жеткізді
TikTok АҚШ-та тыйым салынбау үшін америкалық бақылауда болатын жаңа бірлескен кәсіпорын құруға келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Астана тарихы туристерге жаңа форматта ұсынылады
Астана қаласының мемлекеттік архивінде «Астана Гидтар клубы» мен «AOMI Travel» турагенттігінің өкілдерінің қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды кездесу кеші өтті. Кездесу елорда тарихын кәсіби гидтер арқылы кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Германияда медбике 100 науқастың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді
Германияда медбике 10 науқасты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғаннан кейін, оның 100 науқастың өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Бұл туралы People таблоиды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Ұстаздың беделі – ұрпаққа үлгі: Заң және қоғам рөлі
Қазақстанда ұстаз мәртебесі мен беделі мәселесі қоғамның күн тәртібінен түспей келеді. Дәстүрлі түрде ұстаз – елдің абыройы деп саналса да, соңғы жылдары мұғалімдердің күнделікті тәжірибесінде олардың беделіне жасалатын қысым жиілеп кеткені байқалады.
24.01.2026
-
Трамптың сөздері НАТО одақтастарының наразылығын тудырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда НАТО одақтастарының АҚШ-қа қажет сәтте көмектесетініне күмән келтірді. Ол Альянс әскерлері Ауғанстандағы майдан шебінен «сәл алыстап кетті» деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.
24.01.2026