Жалпы жаңалықтар
-
Әкімдер жеке жауап береді - Премьер-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин моноқалаларда индустриялдық жобаларды дамыту керектігін айтты.
15.09.2020
-
Шымкентте 8 айда 100 миллионнан астам жұмыртқа өндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен.
15.09.2020
-
Кемінде 1,5 есеге арттыру керек. Мамин алдағы бес жылдағы жоспарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарын айтты.
15.09.2020
-
Қарағанды облысында автобус және шина шығару зауыты іске қосылмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысының Саран қаласында автобус пен арнайы техника түрін шығаратын зауыт жобасын іске қосу жоспарланған.
15.09.2020
-
Жақын күндері Алматы көгіне тікұшақтар көтеріледі
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖ департаменті жақын күндері тікұшақтардың оқу-жаттығуы өтетінін ескертті.
15.09.2020
-
Биыл елімізде 206 индустриялық жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің өңірлерінде 996 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
15.09.2020
-
Белгілі неміс әдебиеттанушысы «Достық» орденімен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошут «Достық» орденімен марапатталды.
15.09.2020
-
Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
15.09.2020
-
Ерекше қайырымдылық эстафетасы бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды.
15.09.2020
-
Сейсенбі, 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қыркүйек күні республиканың басым бөлігіне Карск аймақтарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан найзағай, жаңбыр, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
15.09.2020
-
Елорда жылу беру маусымына дайындалуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жылыту маусымына дайындық жүргізілуде. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жылу беру маусымы, көмір сату және газдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
15.09.2020
-
Өткен тәулікте 209 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 209 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
15.09.2020
-
Елімізде өткен тәулікте 65 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 65 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
15.09.2020
-
Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда танымалдық үшін жолда сальто жасаған жігіт жазаға тартылды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.
15.09.2020
-
Шымкент: Шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық ахуал және жаңа Қаулы бойынша өткен брифингте Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы Жұмабек Ержанов мәлімдеді.
15.09.2020
-
Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
15.09.2020
-
Армения көліктері үшін жасалған жалған құжаттар анықталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу науқаны басталғалы осы көліктерге қатысты «түзетілген» 5 жалған техникалық төлқұжат анықталды.
15.09.2020
-
Түркістанда 5 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» қоры Түркістан қаласында салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар 5 нысанды облыс әкімдігіне тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
15.09.2020
-
Арыс қаласындағы цех жылына 15 млн литр минералды су өндіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 15 млн литр минералды су өндіреді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жобаның жалпы құны 250 млн теңгені құрайды.
15.09.2020
-
Қарағанды облысында дәстүрлі күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар жергілікті фермерлерден көкөніс, ет және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады. Дәстүрлі күзгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері қазан-қараша айларында облыстың қалалары мен аудандарында өтеді жоспарланған. Карантин жағдайында сауда қатарлары санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.
15.09.2020