Жалпы жаңалықтар
-
Ластаев Конституцияда адам құқықтарын күшейтуді ұсынды
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев негізгі заңда адам өмірінің абсолютті құндылығын, сондай-ақ оның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын нақты бекіту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
XXV қысқы Олимпия ойындарына қанша спортшы қатысады?
Санаулы күндерден кейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпия ойындары басталады. Төрт жылдықтың басты додасына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Белгілі заңгер Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды
Қазақстан заңгерлері одағы дінді мемлекеттен Конституцияда бөліп көрсетуге ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Германиядағы Әлем кубогін жеңіліспен аяқтады
Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Мұнай соғысы басталды ма? АҚШ Иран экспортына кедергі жасап жатыр
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларды күшейтуі әлем назарын тағы да Таяу Шығысқа бұрды. Бірақ Вашингтонның бұл қадамы уақытша реакциядан гөрі ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан саясаттың жалғасы секілді. Тақырыпты BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
24.01.2026
-
"Жағдай қиын": Киев мэрі тұрғындарға шұғыл мәлімдеме жасады
Украина астанасы Киев қаласының мэрі Виталий Кличко тұрғындарды жағдайдың күрделі екенін айтып, мүмкіндігі барларды қаладан уақытша шығып кетуге, ал қалғандарын азық-түлік, су және дәрі-дәрмекті алдын ала әзірлеп қоюға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес – Үнзила Шапақ
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Халық кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады
Халық кеңесі халықтың мүдделерін білдіретін жоғары консультативтік орган болады. Бұл туралы Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды
Вице-президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Бұл туралы Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Қарин: Парламент Құрылтай аталып, заң жобалары үш оқылыммен қабылданады
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Конституциялық реформа: Азаматтар мен қоғам белсенділерінен 600-ден астам ұсыныс түскен
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан комиссияның алғашқы отырысында конституциялық реформаға қатысты қанша ұсыныс келіп түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Ерлан Қарин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды
Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр - Әзімова
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында комиссия жетекшісі Эльвира Әзімова Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады
Елордада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында комиссия жетекшісі Эльвира Әзімова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.01.2026
-
Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында топ жарды
Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Амстердам орталығы қауіпті аймақ деп жарияланды
Амстердам билігі Сириядағы жағдайға байланысты өтуі мүмкін наразылық акциялары қаупіне орай Орталық вокзал маңы мен Дам алаңы айналасындағы аудандарды "қауіптілігі жоғары аймақ" ретінде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ NL Times порталына сілтеме жасап.
24.01.2026
-
Ақтөбеде 155 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны жойылды
2025 жылы жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтөбе облысының аумағында 155 рұқсат етілмеген қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026
-
Қазақстанда шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді
Елімізде шұғыл медициналық көмек қарқынды дамып келеді. Елордадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы саладағы жетістіктер мен былтыратқарған жұмыстары, сондай-ақ халыққа көрсетілетін медициналық қызметтері туралы орталықтың басқарма төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында баяндап берді.
24.01.2026
-
Қазақстанның СПЕКА елдеріне экспорты 15%-ға артты
Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған Арнайы бағдарламасы (СПЕКА) экономикалық форумының ашылуына, сондай-ақ 2026 жылғы 20-23 қаңтар аралығында Ашхабад қаласында (Түркіменстан) өткен СПЕКА Басқарушы кеңесінің 20-сессиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.01.2026