Жалпы жаңалықтар
-
Тоқаев Шиппті қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12.07.2021
-
Еліміздің колонияларына «электронды дүкен» енгізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ерлан Тұрғымбаев сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету қызметін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы хабарлады.
12.07.2021
-
Қажылыққа баратын адамдар жалған вакцина дайындатып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында қажылыққа баратын адамдарға жалған вакцина паспортын рәсімдеген туристік компания анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
12.07.2021
-
ҚМДБ: 20 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ислам дінінде зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер саналады. Һижри жыл санауы бойынша 1442 жылдың зұлхижжа айы 11 шілде күні басталды. Бұл туралы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мәлімдеді.
12.07.2021
-
Британдық миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа ұшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық миллиардер Ричард Брэнсон Virgin Galactic-тің VSS Unity ғарыш кемесімен суборбитальды түрде ғарышқа ұшты.Ұшу сәті ұйымның YouTube арнасында тікелей эфирінде көрсетілді.
12.07.2021
-
Түркістанды толықтай қамтамасыз ете алады. "Түркістан су арнасы" іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған жаңа нысанның құрылысы аяқталды. "Түркістан Су арнасы" мекемесі 200 мыңға жуық халқы бар шаһарды 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.
12.07.2021
-
Оқушылар Арыстағы әскери бөліммен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының «Арыс» және «Барыс» әскери-патриоттық клубтарының басшылары мен тәрбиеленушілері үшін «Ашық есік күні» Арыс қаласындағы әскери бөлімде ұйымдастырылды.
12.07.2021
-
Конор Макгрегор мен Дастин Порьенің арасында төртінші жекпе-жек өте ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт турнирден кейінгі баспасөз конференциясында Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегор мен Америкалық Дастин Порьенің төртінші кездесуінің өтетінін жоққа шығармады.
12.07.2021
-
«Бастау Бизнес» жобасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бастау бизнес жобасының төртінші легіне өтінім қабылдау басталды. Төртінші лекке ең көп өтініш қабылдайтын аймақтардың қатарында Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар.
12.07.2021
-
Берік Әбдіғалиұлы: Жезқазғанда сапалы су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған өңірінің мәселелерін атады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
12.07.2021
-
Зейнетақы. Қазақстан азаматтарына жыл басынан бері 1,3 трлн-нан астам теңге төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар - маусым айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 410,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 928,9 млрд теңге бағытталды.
12.07.2021
-
Балқашқа бұқар бұғылары жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле-Балқаш резерватына үшінші рет бұқар бұғысын енгізу жұмыстары жүзеге асырылды. Бұл жолы бұған дейін енгізген бұғылардың санынан да көп бұғы жіберілді.
12.07.2021
-
Вакцинация. Екінші екпесін алғандар саны 2,4 млн-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінге дейін вакцина алған қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады.
12.07.2021
-
COVID-19. 800-ден астам адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 шілдедегі ақпарат жарияланды.
12.07.2021
-
Матрица. «Жасыл» аймақта екі-ақ облыс қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
12.07.2021
-
EURO-2020: Италия чемпион атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия құрамасы пенальти сериясында Англия құрамасын жеңіп, футболдан Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды prosports.kz.
12.07.2021
-
1491 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1491 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
12.07.2021
-
Елімізде өткен тәулікте 3899 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 3899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бқл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
12.07.2021
-
АҚШ-та үй құлап, 90 адам көз жұмды
Нұр-Сқлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар Флорида штатының Майами маңындағы Сёрфсайд қаласында құлаған үйдің үйінділері астынан тағы төрт мәйітті шығып, қаза тапқандар саны 90-ға жетті.
11.07.2021
-
Вакцинация. Тағы да жалған құжат жасаушылар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында медицина қызметкері жалған вакцинация құжатын жасағаны үшін күдікке ілінді. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
11.07.2021