Жалпы жаңалықтар
-
Шымкенттік полицейлер қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері қарсы бағытқа шыққан 201 көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
13.08.2021
-
Семейде «Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесінің ашылуы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ядролық сынақтардан азат әлем» мүсіндер көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің авторы – суретші, мүсінші, қолөнер шебері Қ.Аймұханбетов. Көрмеде қолөнер шеберінің жиырмадан астам туындылары ел назарына ұсынылды.
13.08.2021
-
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда тұрғындарына үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ тұрғындарына үндеу жариялады. Өңір басшысы елде коронавирус инфекциясының тез таралуына байланысты халықты сақтық шарасын сақтауға шақырды.
13.08.2021
-
Елімізде 11 күндік сәби коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан педиатрлар қоғамдастығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова елімізде коронавирустан нәресте қайтыс болғанын айтты.
12.08.2021
-
Елде мал азығы қажеттіліктен 2 есе аз өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биыл құрғақшылыққа дайын болмағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
12.08.2021
-
Алматыда жас жігіт әпкесімен бірге «вакцина паспортын» сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жас жігіт емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесімен бірге «вакцина паспорттарын» сатқан. Туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтады.
12.08.2021
-
Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге кірісті.
12.08.2021
-
Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркіменстан тарапының бастамасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркіменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.
12.08.2021
-
Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 тамызда «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына қатысу үшін қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардан өтінімдер қабылдау басталады.
12.08.2021
-
ДДСҰ Қазақстанға 1,16 миллион доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтау мекемелеріне тарату үшін 3,7 миллион медициналық маска жеткізді. Медициналық жүкті жеткізуді Германияның Федералды Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 таралуын болдырмау үшін қаржыландырды. Жүк Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
12.08.2021
-
Биыл Шымкентте 9 шағын аудан сапалы ауызсумен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауызсумен қамту мақсатында үш магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
12.08.2021
-
100 жылда бір болатын су тасқыны жылда қайталануы мүмкін – БҰҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жүз жылда бір болатын алапат су тасқыны енді жыл сайын қайталанатын қалыпты құбылысқа айналуы мүмкін. БҰҰ өкілдері осылай деп дабыл қақты деп хабарлайды 24.kz.
12.08.2021
-
Ақмола облысында 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 жылға сотталған ер адам Абайдың портретін салып, Атбасар аудандық кітапханасына сыйға тартты деп хабарлайды Polisia.kz.
12.08.2021
-
Бүгін Әскери институттың құрылғанына 47 жыл толды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының құрылғанына 47 жыл толды.
12.08.2021
-
Шымкентте 74 азаматқа жалдамалы пәтер кілттері табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі келген 74 азаматқа жалдамалы пәтер кілттері табысталды. Оның ішінде 28 пәтер - көпбалалы отбасыларға, 39 пәтер - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 7 пәтер - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
12.08.2021
-
Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының әуе айлағын реконструкциялау жұмысы белгіленген кестеден бұрын атқарылып жатыр. Әуежайдағы жұмыстарды қадағалаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осылай деді.
12.08.2021
-
Белгілі кинотанушы, ұстаз Раушан Оспанова қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі кинотанушы, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, ұстазымыз Раушан Ғазизқызы Оспанованың әлемді жайлаған мына індеттің құрығына түсіп, ауруханада жатыр дегенді естігенімізге де көп бола қоймап еді. Бүгін өмірден өтті деген қайғылы хабар келіп, қабырғамыз қайысып отыр деп жазды кинотанушы, өнертану кандидаты Нәзира Мұқышева facebook-парақшасында.
12.08.2021
-
Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша тағы бір отбасы қоныс тойын тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 134 баспананың құрылысы жүргізіліп, мұқтаж отбасыларға беріледі деп жоспарланған. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба биыл да жалғасын тауып, аудандарда жүзеге асырылуда. Игілікті іске ұйытқы болған ерікті жандардың көмегімен Меркі ауданының тұрғыны Қобылан Жүсіповтің отбасы қоныс тойын тойлады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
12.08.2021
-
Генерал-майор патриот жастарды тәрбиелеудің әдістерін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Патриотизм көбінесе пікірталас тақырыбына айналады. Кейбіреулер үшін патриотизм туған үйге деген сүйіспеншіліктен басталады, ал басқалары үшін туып-өскен елге деген сүйіспеншілік кез келген құрбандыққа дайын болу. Қазіргі жағдайда патриотизмді қалыптастыру ерекше мәнге ие әрі күрделі міндеттердің бірі. Бұл - Қорғаныс министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Әскери қызметшілер мен жас қазақстандықтарға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай – ақ ардагерлермен жұмыс жасау туралы Бас штаб бастығының орынбасары-тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Бурамбаев айтып берді.
12.08.2021
-
Astana Hub Seed Money технологиялық жобаларын қаржыландыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana hubSeed Money технологиялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасын қолға алды. Бұған дейін жұмысын жаңа бастаған ІТ-кәсіпкерлер стартаптарын дамытуға ақша таба алмай қиналушы еді, енді бұл мәселені шешу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды.
12.08.2021