Жалпы жаңалықтар
-
Павлодар музейінде «Біріміз бірдейміз» инклюзивті жоба жүзеге асырылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы бұдан былай көзі нашар көретін және зағип жандарға қолжетімдірек болмақ. Енді зағип жандар ауызша сипаттама және тактильді модельдердің көмегімен өнер туындыларымен таныса алады.
03.06.2022
-
Ақтөбелік оқушы Азия олимпиадасында жүлдегер атанды
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әлішер Еркебаев Үндістанда физика пәнінен өткен Азия олимпиадасында қола жүлдегер атанды.
03.06.2022
-
Облыстарды бөлу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
03.06.2022
-
Ақтауда 300 эколог бас қосты
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтауда елдегі 180-нен астам компанияның 300-ден астам экологы басқосқан конференция өтті. Басты тақырып - елдегі кәсіпорындар мен өндіріс орындарынан шығатын көмірқышқыл газын азайту.
03.06.2022
-
Туды қалай пайдалану қажет?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздік пен егемендігін бейнелейтін негізгі атрибуттарының бірі.
03.06.2022
-
Елімізде құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі. Осы мақсатта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Бірыңғай құрылыс порталын әзірледі.
03.06.2022
-
Түркістан: «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» семинары өтті
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі, Бүгін рухани қала Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» атты тақырыпта семинарболып өтті.
03.06.2022
-
Қазақстанның ЖОО-да ІТ-технопарктер ашу мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастаған жұмыс тобы инновациялық экожүйе мен IT-саланы дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен гранттар беру бойынша мемлекеттік қызметтер мәселесін талқылады.
03.06.2022
-
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Billboard чартына енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің «О’кей» атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-ына енді, деп жазды Хабар24.
03.06.2022
-
Мемлекеттік хатшы Франция сенаторларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Франция – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы Эрвэ Морэ бастаған Франция Сенатының делегациясымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
03.06.2022
-
Зейнеткер студенттерге дипломдар табыс етілді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Күміс университеті» жобасының алғашқы түлектеріне дипломдар тапсырылды.
03.06.2022
-
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президентке еліміздегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есеп берілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
03.06.2022
-
Мемлекеттік рәміздерді қорлайтындарға қатысты заңды қатаңдату керек - Қалдыбек Құрманәлі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кезде мемлекеттік рәміздерді жерге таптайтындар шыға бастады. Бұл недеген масқара. Оларға қатысты заңды қатайту керек. Бұл туралы композитор Қалдыбек Құрманәлі Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердінің 30 жылдығына арналған іс-шарада айтты.
03.06.2022
-
Алматы республикалық референдум өткізуге дайын
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова брифингте жалпыұлттық дауыс беру процесін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылғаны туралы айтып берді.
03.06.2022
-
Шығыстың белсенді қыз-келіншектері конституциялық реформаларға қолдау білдірді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Референдумды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері – Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен мен Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Салтанат Тұрсынбекова Конституцияға енетін түзетулерді түсіндіру бойынша Шығыс Қазақстан облысында іссапармен жүр.
03.06.2022
-
Нұржігітов: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
03.06.2022
-
Мемлекеттік хатшы: Конституциялық реформалар – билік пен қоғам арасындағы диалогтың нәтижесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының эфирінде өтіп жатқан «Референдумға барамын» телемарафонында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді.
03.06.2022
-
Тоқаев тарихи таңдау жасауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Референдум өткізу – Қазақстанда дамыған демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға байланысты жариялаған үндеуінде айтты.
03.06.2022
-
Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеуінде Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
03.06.2022
-
Тоқаев референдумды өткізудің маңыздылығын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өтетін референдумға байланысты республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына бейнеүндеу жасап жатыр.
03.06.2022