Жалпы жаңалықтар
-
Балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі айдың ішінде балаларды 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70,5%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
06.06.2022
-
Шәпкенов: Зиянкестерді улау үшін арнайы мамандар шақырту қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайына қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
06.06.2022
-
Алматыда медицина қызметкерлері күніне орай концерт өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Дәрігер мамандығы – бүгінгі күнде ең маңызды мамандықтың бірі, әрі абыройлысы, аса жауапкершілікті қажет ететін ұлы мамандық. Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесіне орай ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі 13 маусым Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында медицина қызметкерлері күніне орай концерт өткізеді.
06.06.2022
-
Партиялық емес байқау орталығы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі референдумға қатысты мәлімдеме жасады.
06.06.2022
-
Жолаушылар тасымалын дамыту бойынша жүйелі шаралар енгізіліп жатыр – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қарашада Премьер-министрдің өкімімен қалалық елді-мекендердегі жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені бекітілген болатын, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
06.06.2022
-
Референдум алдында ақпараттық шабуылдар болды – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚСЗИ GPS» сараптамалық алаңының кезекті отырысында депутат, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.
06.06.2022
-
Смайылов: Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен кездесті.
06.06.2022
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,00% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
06.06.2022
-
Алматыда бірнеше автобустың бағыты өзгереді
Алматы, BAQ.KZ. Төле би көшесіндегі жылу желілерін жөндеуге байланысты қаладағы бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгереді.
06.06.2022
-
Араб графикасындағы кітаптар жинағының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Османлы архивінде, Сулеймания кітапханасында жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
06.06.2022
-
Ортақ құндылықтарға негізделген саяси диалогты дамытамыз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
06.06.2022
-
Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
06.06.2022
-
Алда үлкен міндеттер тұр – Асхат Оралов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «AMANAT» партиясы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау Республикалық партия штабының жұмысын қорытындылады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
06.06.2022
-
«Ауыл» партиясының төрағасы мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев референдум нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады.
06.06.2022
-
Ақжолдықтар референдум нәтижелеріне қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады.
06.06.2022
-
Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады
Алматы, BAQ.KZ. Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлері сирек кездесетін жарықты алып тастады. Ота ауруханадағы омыртқа хирургиясы бөлімшесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды.
06.06.2022
-
Ел дамуындағы жаңа кезеңге қадам басып отырмыз – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды. Соның нәтижесі бойынша дауыс беруге құқылы азаматтарымыздың 68 пайызы референдумға қатысқан. Олардың 77,18 пайызы Конституцияға енгізу үшін ұсынылған өзгерістерді қолдап дауыс берді, деп жазды Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.
06.06.2022
-
Референдумның бүгінгі нәтижесіне «Ақ жол» партиясының да үлесі бар – Перуашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы референдумның нәтижесіне өзі басқарып отырған партияның да үлесі бар екенін айтты.
06.06.2022
-
Әзірбайжанда оқушылар мінген автобус құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бакуден 300 шақырым жерде орналасқан Әзірбайжанның Шеки қаласында мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар мінген автобус аударылып, жыраға құлады деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжан.
06.06.2022
-
Халыққа тиесілі дүние өздеріне қайтарылуы тиіс – ҚХП
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.
06.06.2022