Жалпы жаңалықтар
-
Теміртауда тегін балалар лагері ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласының мәдениет сарайы екінші жыл қатарынан балаларға таза ауада тегін жазғы лагерь ұйымдастырып келеді. Мұнда балаларға шеберлік сыныптары, шығармашылық сабақтар және басқа да ойын-сауық іс-шаралары ұсынылады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
16.06.2022
-
Сенат энергия үнемдеу туралы заң жобасын Мәжіліске жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
16.06.2022
-
Мемлекет басшысы Ұлытау облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
16.06.2022
-
Біздің қоғам өзгерістерге зәру – Сайыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біздің қоғам өзгерістерге зәру және тез өзгерістерді қалайды. Дегенмен, біздің елдегі өзгерістер өте қатты қарқынмен жүріп жатыр! Конституциямыз "жеке адамның табынушылығы" синдромынан аластатылды. Конституциядағы ең басты принцип адамның, Қазақстан азаматының сайлауға және сайлануға құқы қайтарып берілді.
16.06.2022
-
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 138,4 млрд теңге жәрдемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 498,5 мың отбасы қамтылды, оның ішінде мамыр айында 509,1 мың отбасына 28,3 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
16.06.2022
-
Сенат Жоғарғы Соттың судьяларын сайлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Сенатының отырысында Жоғарғы Соттың судьялары қызметіне Әмір Досжан мен Қамбар Нұрышев сайланды.
16.06.2022
-
Орта Азия елдері арасындағы сауда айналым 6,5 млрд долларға жетті – Үкімет басшысы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия елдерінің екінші өңірлік саммитінде айтты.
16.06.2022
-
СҚО-да алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті.
16.06.2022
-
Қышқала қалашығына қолдау неге аз?
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты Қоғалыкөл ауылының маңайында ХІІ-ХV ғасыр аралығында өмір сүрген Қышқала қалашығы 4 жылдан бері зерттеліп келеді.
16.06.2022
-
Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші саммиті басталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «COVID-тен тыс - Орталық Азияда әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» Орталық Азия елдерінің тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өтіп жатыр.
16.06.2022
-
Халық саны 1,2% өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырға дейінге кезеңге дейін еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2% өсті.
16.06.2022
-
«Қазтеміртранс» филиалының директоры сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазтеміртранс филиалының директоры сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді.
16.06.2022
-
Смайылов Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитке қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитке қатысады.
16.06.2022
-
Жазғы лагерьлерге тегін жолдамалар: Оны кім және қалай ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 400 мыңға жуық жас қазақстандық мемлекет есебінен дем ала алады.
16.06.2022
-
Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
16.06.2022
-
Елордада нейрохирург-дәрігерлер 16 жастағы қыздың миына күрделі ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері Қызылорда облысынан келген 16 жасар қыз баланың миына күрделі ота жасап, талма сырқатынан құтқарды.
16.06.2022
-
Кувейт елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Кувейт Мемлекетінің Елшісі Тарек әл-Фараджды қабылдады.
16.06.2022
-
Бүгін ел аумағында күн райы құбылмалы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы бұрынғысынша құбылмалы болады.
16.06.2022
-
12 жастағы бала Есіл өзеніне батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордаға жақын маңда 12 жастағы қыз Есіл өзеніне батып кетті.
16.06.2022
-
Дзюдодан ұлттық құрама Grand Slam жарысына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолия астанасы – Ұланбатырда өтетін рейтингілік Grand Slam жарысына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
16.06.2022