Жалпы жаңалықтар
-
Елде Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Pfizer вакцинасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіліп, препараттың жарамдылық мерзімі ұзартылды. Осыған байланысты қалған дозаларды енді қыркүйек пен қазанға дейін қолдануға болады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
29.06.2022
-
Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылды. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
29.06.2022
-
Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
29.06.2022
-
Елордадағы Жеңіс даңғылында BusLane енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 шілдеден бастап Жеңіс даңғылында (Есенберлин көшесі – Бөгенбай даңғылы аралығы) 7 жолақты қозғалыс енгізіледі. Оның бірі қоғамдық көлікке арналған (BusLane), деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
29.06.2022
-
29 маусымға арналған метеожағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусым күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
29.06.2022
-
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтыншы Каспий саммиті қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.
29.06.2022
-
44-45 градус ыстық болады: 17 өңірде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 29 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
29.06.2022
-
Өскеменде екі қыздың үстіне автобус аялдамасының темірі құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде 10 және 12 жастағы қыздарға аялдаманың конструкциясы құлады. Қалада қатты жел соғып, айналаның астан-кестенін шығарды, деп хабарлайды YK-news.kz.
29.06.2022
-
Қырғыз елінің экс-президенті Алмазбек Атамбаев ақталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылғы қазандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып бойынша ақтады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
29.06.2022
-
Ерлан Қошанов Қытай Парламентінің Спикері Ли Чжаньшумен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасының Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен бейнебайланыс арқылы келіссөз жүргізді.
29.06.2022
-
Петропавлда теракт туралы жалған ақпарат берген адам бас бостандығынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған ақпарат бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29.06.2022
-
Сәби саудасымен айналысатын сайт анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар орналастырылған шетелдік интернет сайтын анықтады.
28.06.2022
-
Путиннің баспасөз хатшысы мәлімдемесі: Украинадағы әскери қақтығыс бірнеше сағат ішінде тоқтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дмитрий Песков Украина билігі соғысты бірнеше сағат ішінде тоқтата алатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
28.06.2022
-
БҚО-да арматура зауыты ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық «Merlion Develoment Group» компаниясы мен италиялық «Petrolvalves S.P.A» компаниясы өзара келісімшарт негізінде жаңа «Petrolvalves Kazakhstan» серіктестігінің іргесін қалады. Жоба аясында Ақсай қаласында арматура зауыты ашылды. Өндіріс орнында мұнай-газ саласына басым бағыт берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
28.06.2022
-
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алғаш рет Халықаралық Олимпиада күніне орай 2005 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогы өтті.
28.06.2022
-
Алаяқ құрбаны болған әйел 2 млн теңгесінен айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айының ортасында Өскемен қаласы полиция басқарамысына облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалғанын айтып, жүгінді. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлім етті.
28.06.2022
-
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жүз күнде 300-ден астам қызмет көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының іске қосылуына жүз күн толды. Осы уақыт аралығында кәсіп бастағысы келетін қыз-келіншектерге консультациялық көмек, сервистік қызмет көрсетілді, ауқымды жұмыс атқарылды.
28.06.2022
-
«Тұмар-2022» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
28.06.2022
-
Тарбағатай тұрғыны 700 келіден астам көксерке балығын заңсыз тасымалдаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тиісті құжаттарсыз көп мөлшерде балық тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлады altaynews.kz.
28.06.2022
-
НАТО жедел әрекет ететін әскер санын көбейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. НАТО жедел әрекет ету күштерін ауқымды модернизациялау және оның санын 300 мың әскерге дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
28.06.2022